ҚРТСФ Рейтингі
Бастапқы берілетін ұпайлар:
ерлер:
сш – 2500
сшү – 2300
І разряд – 2200
ІІ разряд – 2100
ІІІ разряд – 2000
қыздар:
сш – 2400
сшү – 2200
І разряд – 2100
ІІ разряд – 2000
ІІІ разряд – 1900
1) Жаңа рейтинг әр рейтингілік жарыс аяқталған соң есептеледі.
2) Жарыста І орын алған ойыншының рейтинг көрсеткіші азаймайды.
3) Ойыншы спорт шебері атағын алу үшін 2500 (ер), 2400 (қыз) рейтинг көрсеткішінен асып, 30 партия бойы ұстап тұруы қажет.
Рейтингілік жарыстар:
1) ҚР Жекелей Чемпионаты, ҚР Командалық Чемпионаты, ҚР Кубогы, ҚР ардагерлер чемпионаты, ҚР Жастар чемпионаты;
2) ҚР Президент жүлдесі, Федерация Кубогы, Н.Ергешбаевты еске алу турнирі,"Ақ жол" газетінің турнирі, Б.Кенжетаевты еске алу турнирі, Шығанақ Берсиев турнирі, Үздік 20.
Есептеу формуласы:
1) Швейцариялық жүйеде:
R=10*(P-E); Р – жинаған ұпай саны, Е – жинауы қажет ұпай саны.
E = M*Pe; М – қарсыластар саны, Pe – кесте бойынша пайыздық көрсеткіш (ойыншының рейтингісі мен қарсыластарының орта рейтингісінің айырмасы арқылы анықталады).
2) Айналмалы жүйеде:
R=10*(P-E); Р – жинаған ұпай саны, Е – жинауы қажет ұпай саны.
E=H*Pe-0,5; Н – барлық ойыншылар саны, Pe – кесте бойынша пайыздық көрсеткіш.
Рейтинг көрсеткіштері айырмасын пайыздық көрсеткішке
айналдыру кестесі
Айырмасы |
+% |
-% |
Айырмасы |
+% |
-% |
Айырмасы |
+% |
-% |
|
0 - 3 |
50 |
50 |
122 - 129 |
67 |
33 |
279 - 290 |
84 |
16 |
|
4 - 10 |
51 |
49 |
130 - 137 |
68 |
32 |
291 - 302 |
85 |
15 |
|
11 - 17 |
52 |
48 |
138 - 145 |
69 |
31 |
303 - 315 |
86 |
14 |
|
18 - 25 |
53 |
47 |
146 - 153 |
70 |
30 |
316 - 328 |
87 |
13 |
|
26 - 32 |
54 |
46 |
154 - 162 |
71 |
29 |
329 - 342 |
88 |
12 |
|
33 - 39 |
55 |
45 |
163 - 170 |
72 |
28 |
343 - 357 |
89 |
11 |
|
40 - 46 |
56 |
44 |
171 - 179 |
73 |
27 |
358 - 374 |
90 |
10 |
|
47 - 53 |
57 |
43 |
180 - 188 |
74 |
26 |
375 - 391 |
91 |
9 |
|
54 - 61 |
58 |
42 |
189 - 197 |
75 |
25 |
392 - 411 |
92 |
8 |
|
62 - 68 |
59 |
41 |
198 - 206 |
76 |
24 |
412 - 432 |
93 |
7 |
|
69 - 76 |
60 |
40 |
207 - 215 |
77 |
23 |
433 - 456 |
94 |
6 |
|
77 - 83 |
61 |
39 |
216 - 225 |
78 |
22 |
457 - 484 |
95 |
5 |
|
84 - 91 |
62 |
38 |
226 - 235 |
79 |
21 |
485 - 517 |
96 |
4 |
|
92 - 98 |
63 |
37 |
236 - 245 |
80 |
20 |
518 - 559 |
97 |
3 |
|
99 - 106 |
64 |
36 |
246 - 256 |
81 |
19 |
560 - 619 |
98 |
2 |
|
107 - 113 |
65 |
35 |
257 - 267 |
82 |
18 |
620 - 735 |
99 |
1 |
|
114 - 121 |
66 |
34 |
268 - 278 |
83 |
17 |
735 - ... |
100 |
0 |
|
Мысалы: Ойыншының рейтингісін 2359 деп алайық.
Ойыншы швейцариялық жүйемен өткізілген жарыста 9 турдан 6,5 ұпай жинады. Оның 9 қарсыласының орта рейтингісін есептеп, 2334 болды делік. Рейтинг айырмасы +25, кестеге қарап +% бағанынан ойыншы 53% жинау керек екенін көреміз. Сонда ойыншының жинауы қажет ұпай саны:
E = M*Pe, E = 9 * 53% = 4,77
Ал, енді жинаған ұпайынан (6,5) жинауы қажет ұпайын (4,77) алу арқылы нәтиже шығарамыз:
R=10*(P-E), R=10*(6,5 - 4,77) = +17,3
Ойыншының жаңа рейтингісі: 2359 + 17 = 2376.