2011 жылдың 24-30 қараша аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін XIV халықаралық жарыс өтті. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына арналған сайысқа Қазақстанмен қатар Ресей, Түркменстан, Қырғызстан мемлекеттерінің ең таңдаулы спортшылары қатысты. «Қазақстан» спорт кешенінде өткен дәстүрлі жарыс өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Ерлер және қыздар арасындағы бас жүлдеге 5000 АҚШ доллары тігілген жарысымыз, ә дегеннен, тартыспен басталды. Алғашқы турдан Ғалымжан Темірбаев, Серік Ақтаев, Нұрбек Қабиев, Жанат Каймулдиндер жақсы өнер көрсеткенімен, мәреге жақындаған сайын Ғалымжан басты қарсыластарын ұтып, бас бәйгені қанжығасына байлады.
Нағыз тартысты бәсекелер қыздар арасында өтті. Бұл сында шымкенттің мақтанышы, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Салтанат Сапарбекованың бағы жанды. Ол 8-турда қызылордалық әлем чемпионы Әсел Далиеваны, ал, шешуші 9-турда керекулік шебер, Азияның мықтысы Диана Кенинаны ұтып, осы сайыстың жеңімпазы атанды.
Жарыс нәтижесі төмендегідей:
ерлер 1-орын: Ғалымжан Темірбаев – 8 ұпай (Оңт.Қаз.Обл.)
2-орын: Жанат Каймулдин – 7,5 ұпай (Павлодар)
3-орын: Нұрбек Қабиев – 6,5 ұпай (Ақтөбе)
қыздар 1-орын: Салтанат Сапарбекова – 8 ұпай (Оңт.Қаз.Обл.)
2-орын: Әсел Далиева – 8 ұпай (Қызылорда)
3-орын: Алмагүл Такишева – 6,5 ұпай (Ақтөбе)
Жарыстың марапаттау рәсімінен кейін Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ Қауымдастығының атқару алқасы кезекті мәжілісін өткізді. Алқалы жиында Тоғызқұмалақ Қауымдастығының жаңа төрағасы сайланды. Енді қоғамдық бірлестіктің тізгінін Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Құттықожа Ыдырысов ұстайтын болды. Сондай-ақ, жиынға қатысушылар Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Қауымдастығының аясында Азия Тоғызқұмалақ Қауымдастығын бөлек құру туралы мәселе көтерді.