• Register

Маңғыстау облысында Тоғызқұмалақ Федерациясы ашылды

Ақтау қаласының 50 жылдығы және Маңғыстау облысының 40 жылдығы қарсаңында аймағымызда Маңғыстау облыстық Тоғызқұмалақ Федерациясы құрылды. Маңғыстау - еліміздің батысындағы дәстүрге берік аймақтың бірі. Сондықтан мемлекет болашақта осы аймақта туризмді дамытуды көздеп отыр. Біз ұлттық ойындарды бүгіннен бастап дамытуды қолға алудамыз. Бұл қадам тарих пен мәденитеттің дамуына өзіндік үлес қосады.

Тоғызқұмалақ – әлемдік мәдениеттің озық үлгілерімен бой теңестіре алатын, зияткерлік (интеллектуалдық) ойын, логикалық ойлауды дамытатын  өнер. Оны жас кезінен бастап ойнаған адам бұдан сабақ алып қана қоймай тәжірибе де жинақтайды. Атап айтқанда:

- стратегиялық жоспарлау, болжай алу;

- төзімділік;

- логика; ойлау;

- жүрісті алдын ала санау;

- ұжымшылдыққа, жеңіске жетуге баулиды;

- мақсатқа жетуге талпындырады.

Бұл дағдылар болашақта бизнес жүргізуге, оны басқаруға, жетістікке жетуге септігін тигізеді.  Ойын - адамның санасын, мінез-құлқын қалыптастырады.   Бұл жастар үшін үйде немесе басқа да білім ордаларында беріле бермейтін қосымша тәрбие.

Біздің мақсатымыз – жастарды ынталандыру, ойында барлық жастағылар үшін танымал ету, жастардың бос уақытын дұрыс пайдалануға жағдай жасау.

Қазіргі уақытта тоғызқұмалақты ұйымдастыру мен құқықтық базасын жетілдіруге бағытталған бірқатар бағдарламалар жасалған. Оны әулден осы Маңғыстау өңірінде дамытуға ат салысып жүрген Аға жаттықтырушы – Жакиева Гаухар. Сондай-ақ, жеткіншектер мен жастарды салауатты өмір салтына баулуға, оларды республикалық және халықаралық байқауларға қатысуына жағдай жасау көзделген.

Осы ойынға әуесқойлар үшін онлайн-байқаулар жасалынған. Тоғызқұмалақ ойнауға ынталылардың көптігінен жеке парақ ашылғандығы ойынның танымал екендігін көрсетеді. Яғни, бабаларымыздың қаншалықты қызық ойын мұраға қалдырғандығын бағамдаймыз. Біздің міндетіміз осы мұраны жастарға беру, оның беделін көтеру, халықаралық деңгейге жеткізу. 

Егер осы ойынды қазірден бастап жастарымыздың бойына сіңіре  алсақ, бірнеше ғасырдан соң ұрпағымыз логикалық төл ойынымыз бар екендігін мақтан тұтары анық.

Бүгінгі күн жұмысының нәтижесі - ертеңгі тарих! – дейді «Маңғыстау облысының тоғызқұмалақ федерациясы» ҚБ басқармасының төрайымы Асель Досаманова.

 

Сондықтан, келіңіздер, үйреніңіздер, жеңіске жетіңіздер! Біз сіздерді қуана қарсы аламыз.

Әлем және Азия чемпионаттары

ҚР жекелей чемпионаттары

ҚР командалық чемпионаттары