Қазақстан Республикасының ерлер және әйелдер арасындағы жекелей чемпионаты 2012 жылдың 16-25 сәуір аралығында Павлодар қаласында өтті.
13 облыс және Алматы, Астана қалаларынан барлығы 100 спортшы катысты: ерлер арасында - 52, қыздар арасында - 48.
Әлем біріншілігіне іріктеу жарыс болғандықтан, еліміздің мықты деген барлық ойыншылары бас қосты. Оның ішінде ерлер арасында 5 хдсш, 15 спорт шебері, қыздар арасында 3 хдсш, 11 спорт шебері өнер көрсетті.
Жарыс швейцар жүйесімен 9 турда классика, шапшаң және рапид түрлері бойынша өткізілді. Әрбір ойыншыға 2 сағат уақыт берілді.
Жарыстың бас төрешісі ұлттық дәрежедегі төреші керекулік Кашкенов Шарип және бас хатшы жоғары дәрежелі ұлттық төреші жамбылдық Ноғайбаев Мейрамқұл болды.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
ерлер классика:
1-орын: Сайлан Матылов – 8 ұпай (Бат.Қаз.Обл),
жаттықтырушысы – Әбдікәрімов Дәулет
2-орын: Хакімжан Елеусінов– 8 ұпай (Қызылорда)
3-орын: Серік Ақтаев – 7 ұпай (Павлодар)
қыздар классика:
1-орын: Диана Кенина – 8 ұпай (Ақтөбе),
жаттықтырушысы – Қапаев Дастан
2-орын: Әсел Далиева – 7,5 ұпай (Қызылорда)
3-орын: Айнұр Молдахметова –7 ұпай (Алматы облысы)
ерлер шапшаң:
1-орын: Айдос Сейітжан – 7,5 ұпай (Астана),
жаттықтырушысы – Шотаев Мақсат
2-орын: Хакімжан Елеусінов – 7,5 ұпай (Қызылорда)
3-орын: Мақсат Шотаев – 7 ұпай (Астана)
қыздар шапшаң:
1-орын: Фарида Әуесбаева – 8 ұпай (Қызылорда),
жаттықтырушысы – Иманбаев Еркетай
2-орын: Әсел Далиева – 7,5 ұпай (Қызылорда)
3-орын: Салтанат Сапарбекова – 7 ұпай (Оңт.Қаз.Обл.)
ерлер рапид:
1-орын: Нұрбек Қабиев – 7 ұпай (Ақтөбе),
жаттықтырушысы – Нұршин Қабидолла
2-орын: Сәбит Сапарбеков – 7 ұпай (Оңт.Қаз.Обл.)
3-орын: Аманбек Өндірбаев – 7 ұпай (Ақтөбе)
қыздар рапид:
1-орын: Әсел Далиева – 8 ұпай (Қызылорда),
жаттықтырушысы – Иманбаев Еркетай
2-орын: Гүлжан Мағауова – 8 ұпай (Астана)
3-орын: Айнұр Молдахметова – 6,5 ұпай (Алматы облысы)
Жарыстың жабылу салтанатында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Қазақстан Республикасы Туризм және Спорт Министрлігі Спорт комитеті атынан медаль және дипломдар, жергілікті демеушілер мен Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ Қауымдастығының атынан бағалы сыйлықтар тапсырылды.