• Register

ҚР ардагерлер чемпионаты, 2013

2013 жылдың 3-9 тамыз аралығында Павлодар қаласында тоғызқұмалақтан спорт ардагерлері арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа 8 облыстан және Астана қаласынан 47 спортшы қатысты. Оның ішінде: 1 – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 10 – спорт шебері, 18 – спорт шеберіне үміткер, 17 – І дәрежелі, 1 – ІІ дәрежелі спортшы қатысты. Жарыс классикада және блицта швейцар мен айналмалы жүйеде өткізілді.

 

Ойын нәтижелері төмендегідей:

Классика – ерлер 40 жас
1-орын – Әлназаров Кенжебек (Павлодар облысы);
2-орын – Қазиев Елжан (Қостанай облысы);
3-орын – Қашкенов Шәріп (Павлодар облысы).

Классика – ерлер 60 жас
1-орын – Бителманов Аманжол (Шығ.Қаз.обл.);
2-орын – Қасқырбаев Балтабай (Қарағанды облысы);
3-орын – Жұмаділов Болат (Шығ.Қаз.обл.).



Классика – әйелдер 40 жас
1-орын – Қилыбаева Гүлжан (Шығ.Қаз.обл.);
2-орын – Жақапбаева Айнұр (Алматы облысы);
3-орын – Мұсаева Гүлсім (Алматы облысы).

Классика – әйелдер 60 жас
1-орын – Секина Қырмызы (Қызылорда облысы);
2-орын – Чуприк Алла (Қарағанды облысы);
3-орын – Бадамшина Бақыт (Павлодар облысы).


Блиц – ерлер 40 жас
1-орын – Төлегенов Бауыржан (Ақтөбе облысы);
2-орын – Қазиев Елжан (Қостанай облысы);
3-орын – Байғабылов Қасым (Қарағанды облысы).

Блиц – ерлер 60 жас
1-орын – Жұмаділов Болат (Шығ.Қаз.обл.);
2-орын – Болғамбаев Тұрғанбай (Қызылорда облысы);
3-орын – Қасқырбаев Балтабай (Қарағанды облысы).

Блиц – әйелдер 40 жас
1-орын – Қилыбаева Гүлжан (Шығ.Қаз.обл.);

 

2-орын – Жақапбаева Айнұр (Алматы облысы);
3-орын – Мұсаева Гүлсім (Алматы облысы).

Блиц – әйелдер 60 жас
1-орын – Секина Қырмызы (Қызылорда облысы);
2-орын – Рысалова Қайша (Алматы облысы);
3-орын – Бадамшина Бақыт (Павлодар облысы).

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Агенттіктің медаль, грамоталарымен және Павлодар облысының тоғызқұмалақ федерациясының бағалы сыйлықтарымен марапатталды. 
Жарыстың ашылуы және марапаттау рәсімдеріне Павлодар облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы, тоғызқұмалақ федерациясы филиалының өкілдері және облыстық «Павлодар – Қазақстан» телеарнасы қатысты.

Әлем және Азия чемпионаттары

ҚР жекелей чемпионаттары

ҚР командалық чемпионаттары