Тұңғыш Азия Чемпионатының қорытындысы
2009 жылдың 19-26 қазан аралығында Шымкентте тоғызқұмалақтан Азияның І ашық чемпионаты болып өтті. Чемпионатқа 9 елден барлығы 31 ойыншы қатысты: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Түркмения, Ресей, Монғолия, Қытай, Түркия. Ойын швейцариялық жүйе бойынша 7 турдан тұрды.
Жарыс нәтижесі төмендегідей:
ерлер арасында:
1 – орын: Айдос Сейітжан (Астана/Қазақстан),
жаттықтырушысы - Шотаев Мақсат
2 – орын: Серік Ақтаев (Павлодар/Қазақстан)
3 – орын: Ғалымжан Темірбаев (Оңтүстік Қазақстан облысы/Қазақстан)
қыздар арасында:
1 – орын: Диана Кенина (Павлодар/Қазақстан),
жаттықтырушысы - Қапаев Дастан
2 – орын: Әсел Далиева (Қызылорда/Қазақстан)
3 – орын: Салтанат Сапарбекова (Оңтүстік Қазақстан облысы/Қазақстан)
командалық есепте, ерлер арасында:
1 – орын: Қазақстан
2 – орын: Қырғызстан
3 – орын: Моңғолия
қыздар арасында:
1 – орын: Қазақстан
2 – орын: Қырғызстан
3 – орын: Өзбекстан
Осылайша, Азия жеңімпазы атағын өзара бөліске салған отандастарымыз шетелдік ойыншыларға дес бермеді. Жалпы жарыстың өту барысы мен ұйымдастыру деңгейі өте жоғары өтті деп айтуға болады. Жарысқа әр елдің мықты спортшылары қатысты, соның ішінде қырғызстандық екі халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері де қатысқанын атап айтқан жөн. Жарыс жеңімпаздары арнайы диплом және медальдармен марапатталды. Келесі Азия чемпионаты Қырғызстанда өтетін болып жоспарланды.