Тест сұрақтары
А топтамасы
1. Ең алғаш қазақ және орыс тілінде тоғызқұмалақ туралы кітап жазған түркітанушы, ғалым.
2. 1948 жылы тоғызқұмалақ ойынының ережелерін жүйелеуге қатысқан көрнекті қаламгер?
3. 1949 жылы тоғызқұмалақтың заманауи ережелерін кітап түрінде жариялаған авторлар?
4. Талап Сұлтанбековтың 1967 жылы тоғызқұмалақ туралы жарыққа шыққан кітабы?
5. 1979 жылы тоғызқұмалақ туралы жазылған кітабы 10 мың тиражбен ТМД елдеріне танылған автор?
6. «Тоғызқұмалақ әліппесі» кітабының авторы?
7. «Тоғызқұмалақ ойыны мектеп бағдарламасында» кітабының авторы?
8. М.Шотаевтың 2014 жылы жарыққа шыққан тоғызқұмалақ туралы кітабы?
9. Тоғызқұмалақ тарихындағы алғаш спорт шебері кім?
10. 1990 жылдары «Спорт» газетінің бас редакторы ретінде тоғызқұмалақ ойынының бұқаралық сипатының артуына ерекше үлес қосқан тұлға?
11. Тоғызқұмалақ ойынында рейтинг есептеуді алғаш рет қолға алып, ұлттық ойынның насихатталуына үлес қосқан спорт шебері?
12. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағының әйелдер арасындағы тұңғыш иегері кім?
13. Тоғызқұмалақтың Еуропа елдеріне алғашқы таныстырылымы қай жылы, қай қалада жүзеге асты?
14. Тұңғыш әлем чемпионы Әсел Далиеваның жаттықтырушысы кім?
15. «Тоғызқұмалақ ойыны қазақтың барлық ойынының ішіндегі ең қиыны, ойнаған адамның миы істеп, есепшілігі артып, тез тапқыштық жағы күшеймек» – деген жолдардың авторы кім?.
16. «Қазақтың ұлттық ойындары» кітабында тоғызқұмалақ туралы жазған қаламгер кім?
Б топтамасы. Теориялық сұрақтар
1. Тоғызқұмалақ әліппесі дегеніміз не?
2. Жүріс дәлдігі дегеніміз не?
3. Жүріс санын есептеу дегеніміз не?
4. Түйін сандар дегеніміз не?
5. Бай отау дегеніміз не?
6. Ойынның басы дегеніміз не?
7. Ойынның ортасы дегеніміз не?
8. Ойынның соңы дегеніміз не?
9. Тоғызқұмалақ ойынындағы комбинация дегеніміз не?
10. Тоғызқұмалақ есептері дегеніміз не?
11. Тоғызқұмалақ этюдтері дегеніміз не?
12. Байлау қою дегеніміз не?
13. Шабуылдау дегеніміз не?
14. Қорғану дегеніміз не?
15. Есептеу техникасы дегеніміз не?
16. Ә.Ақшораевтың ойын принциптері туралы ұғымдарына тоқталыңыз?
В топтамасы Практикалық сұрақтар
1. Жүріс дәлдігін табудағы ілгерінді есептеуді пайдалану арқылы өз жағыңдағы № 5 отаудағы 12 құмалақ қай отауға баратынын көрсетіңіз?
2. Жүріс санын табу үшін қолданатын Ақшораев кестесін пайдаланып № 2 отаудағы 5 құмалақ қанша жүріс беретінін анықтаңыз?
3. 5 құмалақтан 2 құмалақ алудың жолдарын көрсетіңіз?
4. Қарсыластың тұздығы №8 отауда болған кезде өз жағыңдағы тиісті мөлшердегі құмалақтардан 2 құмалақ ұтудың жолдарын көрсетіңіз?
5. 7 құмалақтан 3 құмалақ алудың ерекшелігіне тоқталыңыз?
6. Тұздығыңыз № 3 отауда болған кезде 6 құмалақтан 3 құмалақ ұтудың жолдарын көрсетіңіз?
7. Қарсыластың тұздығы №8 отауда болған кезде өз жағыңдағы тиісті мөлшердегі құмалақтардан 3 құмалақ ұтудың жолдарын көрсетіңіз?
8. 8 құмалақтан 4 құмалақ алудың әдістеріне тоқталыңыз?
9. Қарсыластың тұздығы №8 отауда болған кезде өз жағыңдағы тиісті мөлшердегі құмалақтардан 4 құмалақ ұтудың жолдарын көрсетіңіз?
10. 10 құмалақтан 6 құмалақ алудың жолдарын көрсетіңіз?
11. Тұздығыңыз №2 отау кезінде қарсыласқа 10 құмалақтан 6 құмалақ алдырмаудың қорғану жолын көрсетіңіз?
12. Диірмен тәсілі арқылы 8 құмалақ алудың ерекшелігіне тоқталыңыз?
13. № 8 отаудағы бай отау арқылы мәжбүр тұздық алудың жолдарын көрсетіңіз?
14. № 7 отаудағы бай отау арқылы мәжбүр тұздық алудың жолдарын көрсетіңіз?
15. № 6 отаудағы бай отау арқылы мәжбүр тұздық алудың жолдарын көрсетіңіз?
16. Позициялық ойындардың ерекшеліктеріне тоқталыңыз?
С топтамасы. Құқықтық сұрақтар
1. Дене шынықтыру және спорт туралы заң кай жылы қабылданды?
2. Дене тәрбиесі дегеніміз не?
3. Спортшылардың спорттық шеберлігін және оқу-жаттығу процесінің сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылған орталықтандырылған іс-шара қалай аталады?
4. Спортшының хұқығын атап өтіңіз?
5. Жеке адамдарға спорттық шеберлiгiн жетiлдiруге және әртүрлі спорт түрiнде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкiндiк беретiн бұқаралық спорт қозғалысы қалай аталады?
6. Дүниежүзілік универсиада дегеніміз не?
7. Балалардың, жастардың және ересек тұрғындардың дене шынықтыру даярлығына қойылатын нормативтік талаптардың жиынтығы қалай аталады?
8. Мектеп спорты дегеніміз не?
9. Қазақстан Республикасының аумағында спорт түрін (түрлерін) дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша функциялар мен іс-шараларды жүзеге асыратын жаттықтырушы кім?
10. Ұлттық спорт түрлері дегеніміз не?
11. Тiрек-қозғалу аппараты мен көру органдары зақымданған мүгедек спортшылар арасында өткiзiлетiн халықаралық қысқы және жазғы жарыстар қалай аталады?
12. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасы кандай нәрсеге негізделеді?
13. Қазақстан Республикасының аумағында спорт түрін (түрлерін) дамыту жөніндегі спорт федерацияларының құқықтылықтарын тану рәсімі қалай аталады?
14. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаласы қалай жасақталады?
15. Қазақстан Республикасындағы спорттық атақтарға тоқталыңыз?
16. Жаттықтырушыларды аттестаттау дегеніміз не?
Қосымша сұрақтар
1. Тоғызқұмалақ ойыныныңтақтасының құрылысын атап өтіңіз?
2. Тоғызқұмалақ ойынының мақсатына тоқталыңыз?
3. Тұздық дегеніміз не?
4. «Атсырау» дегеніміз не?
5. Тұздық ерекшелігі туралы атап өтіңіз?
6. Ілгерінді және кейінді есептеу ерекшелігіне тоқталыңыз?
7. «Тұздықтар тартысы» ұғымына тоқталыңыз?
8. Ә.Ақшораевтың жүріс санын есептеу туралы кестесінің ерекшеліктеріне тоқталыңыз?
9. Тұздықтың атқаратын қызметіне тотқталыңыз?
10. Тоғызқұмалақ ойынындағы отау аттарына тоқталыңыз?
11. Жазып ойнаудың толық жазу үлгісіне тоқталыңыз?
12. Тұзақ құру дегеніміз не?
13. Құмалақ айырбастау терминіне тоқталыңыз?
14. Жүріс санын көбейтудің ерекшеліктеріне тоқталыңыз?
15. Бай отау арқылы қарсыластың жүріс санын қысқарту жолын атап өтіңіз?
16. Қаратау қорғанысының негізгі ерекшеліктерін көрсетіңіз?