• Register

Тоғызқұмалақтан «Суперлига» (ІІ кезең) турнирі

 

         2014 жылғы 15-19 желтоқсан аралығында Павлодар қаласында тоғызқұмалақтан «Суперлига» (ІІ кезең) турнирі өтті. Турнирге еліміздің үздік спортшылары қатысты. Турнир нәтижесі бойынша:

І орын – Серік Ақтаев (Оңтүстік Қазақстан облысы),

ІІ орын – Нұрбек Кабиев (Ақтөбе облысы),

ІІІ орын – Жанат Каймульдин (Павлодар облысы) иеленді.

Турнирдің жеңімпазы мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің дипломдарымен және Павлодар облысының Тоғызқұмалақ Федерациясының бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Тоғызқұмалақтан «Суперлига» турнирінің жылдық қорытындысы (екі кезеңнің нәтижесі) бойынша:

І орын – Нұрбек Кабиев (Ақтөбе облысы),

ІІ орын – Жанат Каймульдин (Павлодар облысы),

ІІІ орын – Серік Ақтаев (Оңтүстік Қазақстан облысы) иеленді.

Әлем және Азия чемпионаттары

ҚР жекелей чемпионаттары

ҚР командалық чемпионаттары