2013 жылғы 15-18 наурыз аралығында Қостанай қаласында тоғызқұмалақтан «Суперлига» 1-кезеңі өтті. Жарысқа Республикалық рейтингтегі 1-6 орындағы еліміздің үздік спортшылар қатысты.Жарыс айналмалы жүйеде 5 турда өтті. 1-кезеңнің қорытындысы бойынша орындар келесі ретте анықталды: 1 орын – Кабиев Нұрбек (Ақтөбе), 5 ұпай; 2 орын – Қаймолдин Жанат (Павлодар), 4 ұпай; 3 орын – Темірбаев Ғалымжан (Оңт.Қаз.обл.), 2.5 ұпай; 4 орын – Ақтаев Серік (Оңт.Қаз.обл.), 1.5 ұпай; 5-6 орынды Елеусінов Хакімжан (Қызылорда) және Сейітжан Айдос (Астана қ.), 1 ұпайдан. 4 кезеңнің қорытындысы бойынша 6 орынды иеленген ойыншы «Суперлига» жарысынан шығады, онын орнына Республикалық Тоғызқұмалақ Федерациясының рейтингіндегі 7-ке енген ойыншы алмастырады.
Тоғызқұмалақтан «Суперлига» (1-кезең) пресс-конференциясы: Қостанай қаласы, Абай көшесі, 28 үй, Білім Орталығы, А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің кітапханасы, 2013 жылғы 16 наурызда сағат 10-00 өтті.
«Суперлига» (1-кезең) жарысының жабылуы салтанатында спортшылар Қазақстан Республикасының Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің медальдары мен дипломдарымен, Қостанай облысының Тоғызқұмалақ Федерациясының бағалы сыйлықтарымен марапатталды және тоғызқұмалақтан Қазақстанның бірінші спорт шебері Поликов Дмитрий Степанович қатысты. Жарыстың бас төрешісі: Мамиев Нұрлан Бекентайұлы. Ақпараттық қолдауды: «Хабар», «Алау» және басқа да жергілікті телеканалдар көрсетті.
2013 жылғы 18 наурызда С. Мәуленов атындағы гимназияда және А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-да «Суперлига» жарысының қатысушылары Қостанай қаласының жас спортшыларына бір уақытта қатарынан ойнайтын тоғызқұмалақ ойыны сеансын өткізді.