2015 жылдың 22-26 маусым аралығында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру Істері комитеті, ҚР Тоғызқұмалақ спорты Федерациясы және Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен, Тараз қаласындағы "ТАРАЗ АРЕНА" спорт кешенінде Тоғызқұмалақтан ҚР ерлер және әйелдер арасындағы блиц және рапидтен жекелей чемпионаты өтті.
Жарыс нәтижесі:
Блиц түрінен ерлер арасында 1-ші орынды Ақтөбелік Медет Хусаинов жеңіп алды, 2-ші орынды ОҚО-лық Серік Ақтаев алса, 3-ші орын Павлодарлық Жанат Қаймулдин мен Ақтөбелік Нұрбек Қабиевке бұйырды.
Ал қыздар арасындағы блиц түрінен Әсел Дәлиева ел чемпионы атанса, 2-ші орын ШҚО-лық жас спортшы Назель Нұрғалиеваға бұйырды, 3-ші орынды Ақтөбелік Диана Кенина мен Алматы облысының спортшысы Фарида Әуесбаева жеңіп алды.
Рапид түрі бойынша ерлер арасында ОҚО-лық Серік Ақтаев өз мықтылығын дәлелдеп ел чемпионы атанса, күміс жүлде Ақтөбелік Нұрбек Қабиевке бұйырды, 3-ші орынды Павлодарлық Ернұр Мерешев жеңіп алды.
Қыздар арасында рапидтен ОҚО-лық Әсел Дәлиева тағы да үздік шығып чемпион атанды, 2 мен 3-ші орын ақтөбелік спортшылар Диана Кенина мен Алмагүл Такишеваға бұйырды.
Бұл жарыста 1-ші орын алған спортшылар келесі жылы болатын Азия чемпионатына тікелей жолдама алды, ал екінші жолдама иегері 2-5 орын алған спортшылар арасынан іріктеліп анықталатын болады.