• Register

ҚР Тоғызқұмалақ спорты федерациясы Кубогы, 2015

Тоғызқұмалақтан «Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ спорты федерациясы» Кубогы үшін Әбілдә Ақшораевтың 80-жылдығына арналған ашық республикалық рейтингтік турнир 2015 жылғы тамыз айының 26 мен қыркүйек айының 1 аралығында Тараз қаласында өтті. Жарысқа Қазақстан Республикасының 10 облысынан (Жамбыл, Маңғыстау, БҚО, Алматы облысы, Ақтөбе, ОҚО, Қызылорда, Қостанай, Қарағанды, Павлодар)  және Қырғыз Республикасынан барлығы 16 команда қатысты.

Барлық ойыншылар саны – 102. Оның ішінде хдсш-11, сш-26, сшк–45, І дәрежелі-16 спортшылар. Жарыс 9 турда өткізілді. Жарыстың бас төрешісі - ЖДҰТ М.Ноғайбаев.

Жарыс қорытындысы бойынша жекелей есепте ерлер арасында:

І орын  Қабиев Нұрбек (Ақтөбе) - 7.5 ұпай

ІІ орын  Ақтаев Серік (ОҚО) - 7 ұпай

ІІІ орын  Қаймулдин Жанат (Павлодар) - 7 ұпай

жекелей есепте әйелдер арасында:

І орын    Нөсерова Қымбат (Қостанай) - 8 ұпай

ІІ орын   Сапарбекова Салтанат (ОҚО) - 7 ұпай

ІІІ орын   Кенина Диана (Ақтөбе) - 7 ұпай

Командалық нәтиже:

І орын  Павлодар облысы - 36.5 ұпай

ІІ орын  Ақтөбе облысы - 36.5 ұпай

ІІІ орын  Қостанай облысы - 35.5 ұпай

 

Әлем және Азия чемпионаттары

ҚР жекелей чемпионаттары

ҚР командалық чемпионаттары

Маңғыстау облысында Тоғызқұмалақ Федерациясы ашылды

Ақтау қаласының 50 жылдығы және Маңғыстау облысының 40 жылдығы қарсаңында аймағымызда Маңғыстау облыстық Тоғызқұмалақ Федерациясы құрылды.

 

Толығырақ...