• Register

Шығанақ Берсиев турнирі, 2015

Тоғызқұмалақтан Шығанақ Берсиев атындағы республикалық рейтингілік турнир 2015 жылдың 30.09.-04.10. аралығында Ақтөбе қаласында өткізілді. Жарысқа Қостанай, Орал, Шығыс Қазақстан облысы, Маңғыстау облысы, Астана қаласы, Ақтөбе қаласы мен аудандарынан 70-ке жуық ойыншылар қатысты. Жарыстың ашылу салтанатына 30 қыркүйек  күні Ақтөбе облысы дене шынықтыру және спорт басқармасынан, Ойыл ауданы әкімдігінен, ардагерлер мен жергілікті баспасөз журналистері қатысты. Жарыстың демеушісі Ойыл ауданы әкімдігі болды. Алдымен 30 қыркүйек күні бағдарлама бойынша «Шапшаң ойын» бойынша жарыс өткізілді. Қорытындысы:

Ерлер

І орын                          Сағынбаев Жарасхан (БҚО)

ІІ орын                         Өндірбаев Аманбек (Ақтөбе)

ІІІ орын                        Шотаев Мақсат (Астана)

 

Әйелдер

І орын                           Кенина Диана (Ақтөбе)

ІІ орын                         Мұхамбетқалиева Айым (Қостанай)

ІІІ орын                        Егорова Татьна (Қостанай)

 

Қазан айының 1-4 күндері «Классикадан» жарыс өтті.

Ерлер

І орын                           Жақсылықов Алмаз (ШҚО)

ІІ орын                         Хусаинов Медет (Ақтөбе)

ІІІ орын                        Әбілбеков Батырхан (Қостанай)

 Әйелдер

І орын                           Кенина Диана (Ақтөбе)

ІІ орын                         Такишева Алмагүл (Ақтөбе)

ІІІ орын                        Мұхамбетқалиева Айым (Қостанай)

Жарыстың жабылу салтанатында Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімдігі атынан жеңімпаздар мен жүлдегерлерге мақтау қағазы мен ақшалай сыйлықтар, Ақтөбе облыстық спорт басқармасы атынан медальдар табыс етілді. Жеңіске жігері үшін 4-5 орын алғандар да марапатталды.

Әлем және Азия чемпионаттары

ҚР жекелей чемпионаттары

ҚР командалық чемпионаттары