• Register

Бүкіләлемдік көшпенділер ойындары, 2014

Kazinform Халықаралық ақпараттық агенттігі хабарлағандай, Шолпан атада Бүкіләлемдік көшпенділер ойындарында Қазақстанның ерлер мен әйелдер құрамасы «тогуз коргоол» спорттық ойынының финалында жеңімпаз атанды. Нәтиже мынадай: ерлер арасында - 2:0, әйелдер арасында - 2:0.

Ер адамдар арасындағы командалық есепте 25 жастағы павлодарлық Жанат Қаймолдин және бұдан бұрын жеке есепте бірінші орынды иеленген ақтөбелік 28 жастағы спорт шебері Нұрбек Қабиев алтын медаль жеңіп алды. Нұрбек тоғызқұмалақты 15 жылдан бері ойнап келеді.

Әйелдер арасында командалық есепте чемпиондық титулды ақтөбелік спортшы, халықаралық деңгейдегі спорт шебері, 2012 жылы рапиде әлем чемпионы болған Диана Кенина иеленді. Оның командадағы жұбы шымкенттік Әсел Далиева еңбек сіңірген спорт шебері (осы жарыстардағы Қазақстаннан бірден-бір осы атақ иегері), 2010 және 2012 жылдардағы екі дүркін әлем чемпионы (әлем чемпионаты екі жылда бір рет өтеді) және 2013 жылғы Азия чемпионы.

Тоғызқұмалақ ойыны бойынша Қазақстан құрамасының бас бапкері - ҚР еңбек сіңірген бапкері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның бес дүркін чемпионы, Қырғызстанның бес дүркін чемпионы және Азия чемпионаттарының жүлдегеріАйнұр Жақапбаева болды.
Спорттың бұл түрі бойынша күміс және қола жүлделер Қырғызстан-1 және Қырғызстан-2 құрама командаларына бұйырды.

http://inform.kz/kaz/article/2696474 

Әлем және Азия чемпионаттары

ҚР жекелей чемпионаттары

ҚР командалық чемпионаттары