• Register

І Орта Азия Кубогы, 2013

2013 жылдың 1-мамыр аралығында Бішкек қаласында І Орта Азия Кубогына арналған халықаралық жарыс өтті. Бұл сайысқа Қазақстан мен Қырғызстан елдерінен 16 команда, жалпы саны 98 спортшы қатысты, оның ішінде ерлер – 58, қыздар – 40.

Жарыс ерлер және қыздар арасында 7 тур швейцар жүйесімен өтті. Жүлделі орындарға келесі ойыншылар қол жеткізді:

ерлер                    1-орын: Жамакеев Анарбек – 6,5 ұпай (Қырғызстан)

                              2-орын: Алиакбар Ернұр – 6 ұпай (Қазақстан)

                              3-орын: Жақсылықов Алмаз – 6 ұпай (Қазақстан)

қыздар                 1-орын: Сапарбекова Салтанат – 7 ұпай (Қазақстан)

                              2-орын: Мағауова Гүлжан – 5,5 ұпай (Қазақстан)

                              3-орын: Байзекенова Айнұр – 5,5 ұпай (Қазақстан)

 

Ал, командалық жарыс олимпиялық жүйемен өткізілді. 1/8 финалдан басталған қызықты бәсекенің финалдық ойындары келесідей:


Финал(ерлер):

Қазақстан

3 – 1

Қырғызстан

Темірбаев Ғ.

1 – 0

Қасымов Қ.

Жақсылықов А.

1 – 0

Сазаев К.

Нұрханов Е.

0 – 1

Құдайбергенов М.

Алиакбар Е.

1 – 0

Жамакеев А.

 

 

 

 

 

 3 – орын үшін:

Жамбыл 3 – 1 Бішкек

 

Финал(қыздар):

Қазақстан

2 – 2

Қырғызстан

Сапарбекова С.

(66)0 – 1

Гүлжамал

Мағауова Г.

1 – 0(44)

Урматова

Қуанышбекова А.

0(71) – 1

Керімбекова А.

Байзекенова А.

1 – 0(64)

Сарыкеева Г.

 

 

 

 

 

3 – орын үшін:

Бішкек 3 – 1 КНУ

 

Нағыз тартысты ойын қыздар финалында орын алды. Жергілікті ережелер бойынша, командалар тең түскен жағдайда жеңімпаз ұтылған ойыншылардың жинаған құмалақ санына байланысты анықталды. Біздің қыздар қарсыластарын ірі есеппен ұтқандықтан 1 – орынға ие болды.

 

Әлем және Азия чемпионаттары

ҚР жекелей чемпионаттары

ҚР командалық чемпионаттары