• Register

ҚР VII жазғы Универсиадасы, 2013

2013 жылдың 8-13 сәуір аралығында Павлодар қаласында өткен Тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының VII-Жазғы Универсиадасына еліміздің 23 жоғары оқу орындарының командалары, барлығы 133 спортшы қатысты. Оның ішінде алыстағы аудандар мен ауыл балалары да бар. Оның ішінде, ұлдар – 66,  қыздар – 67,  ойыншы. Спорт шебері- 10, спорт шеберіне үміткер- 28, қалғаны – 1 дәрежелі спортшылар.

Жарыс тақта бойынша 7 турда швейцар жүйесімен өткізілді. Әрбір ойыншыға 1 сағ. 30 минуттан берілді.

Жергілікті телеарналар мен баспасөз құралдары жарыс барысы туралы материал дайындап, жариялап отырды.

Жарыстың бас төрешісі   ұлттық дәрежелі төреші Павлодарлық Ш.Қ.Қашкенов және жарыстың бас хатшысы, ұлттық дәрежедегі төреші Түркістандық Қ.Дәуренқұлов болды. Жарыста барлығы 15 төреші төрешілік жасап, жоғары деңгейде өтуіне өздерінің үлестерін қосты.

 

Командалық есепте жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

 

Ерлер командалары арасында:

1 орын – А.Байтұрсынов атындағы Қостанай МУ

2 орын – Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

3 орын – М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті

 

Жекелей есепте жеңімпаздар мен жүлдегерлер :

 

1-тақта

1 орын – Утебаев Думан (А.Байтұрсынов атындағы Қостанай МУ)

2 орын – Алиакбар Ернұр (Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті)

3 орын – Қанапашев Ардақ (ПМПИ)

 

2-тақта

1 орын – Биғазин Медет (КМПИ)

2 орын – Қасымхан Абылайхан (А.Байтұрсынов атындағы Қостанай МУ)

3 орын – Жакупов Ержан (Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті)

 

3-тақта

1 орын – Абдрахманов Марат (Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университеті)

2 орын – Бектеміров Қайсар (Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті)

3 орын – Уразбеков Нұржан (М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті)

  

Қыздар командалары арасында:

 

1 орын – С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университеті

2 орын – Л.Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университеті

3 орын – Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

  

Жекелей есепте жеңімпаздар мен жүлдегерлер :

 

1-тақта

1 орын – Раимбекова Роза (ПМПИ)

2 орын – Қарақұлова Мадина (С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университеті)

3 орын – Нагимова Алтынгүл (Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті)

 

2-тақта

1 орын – Коптлеу Гүлсезім (Л.Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университеті)

2 орын – Маусымбаева Самал (А.Байтұрсынов атындағы Қостанай МУ)

3 орын – Корғанбекова Дәметкен (Қостанай МПИ)

3-тақта

1 орын – Абдыханова Асем (С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университеті)

2 орын – Беркимбек Жанерке (Абылайхан атындағы ҚазХҚ және ӘТ университеті)

3 орын – Мухамбеткалиева Айым (Қостанай МПИ)

 

 Жарыстың жабылу салтанатында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі атынан медаль және дипломдармен марапатталды.

Әлем және Азия чемпионаттары

ҚР жекелей чемпионаттары

ҚР командалық чемпионаттары