• Register

Б.Кенжетаевты еске алу турнирі, 2012

 

 

2012 жылдың 2-6 шілде аралығында Қостанай қаласында Батыржан Кенжетаевты еске алу турнирі өтті. Дәстүрлі жарысқа еліміздің 6 облысы, Астана қаласы және де қөршілес қырғыз елінің ойыншылары қатысты. Ерлер арасында 24, қыздар 17, ал жасөспірімдер(14 жас) тобында 36 ойыншы бақ сынады.

Соңғы турда өзара тең түскен Тоқтыбаев Талғат пен Шотаев Мақсат 1,2 – орынды еншіленсе, жамбылдық Мейрамқұлов Жандос 3-ке табан тіреді. Басты фаворит саналған ел чемпионы Матылов Сайлан жүлдесіз қалды. Қыздар арасында Мағауова Гүлжанға тең келер қарсылас болмады.

Жарыс нәтижесі төмендегідей:

ерлер арасында:

1 – орын: Тоқтыбаев Талғат – 5,5 ұпай (Қостанай)

2 – орын: Шотаев Мақсат – 5,5 ұпай (Астана)

3 – орын: Мейрамқұлов Жандос – 5 ұпай (Жамбыл)

қыздар арасында:

1 – орын: Мағауова Гүлжан 7 ұпай (Астана)

2 – орын: Серікбаева Маржан – 6 ұпай (Қостанай)

3 – орын: Спанова Гүлнұр – 5 ұпай (Қостанай)

жасөспірім ұлдар арасында:

1 – орын: СерікбаевДархан – 6 ұпай (Қостанай)

2 – орын: Уалиев Аян – 5,5 ұпай (Павлодар)

3 – орын: Серіков Алмаз – 5,5 ұпай (Павлодар)

жасөспірім қыздар арасында:

1 – орын: Кенжебекова Ақерке – 6,5 ұпай (Қызылорда)

2 – орын: Маханова Нұрсұлу – 5,5 ұпай (Қызылорда)

3 – орын: Мұсабекова Алтынай – 5 ұпай (Қостанай)

Жарыстың жабылу салтанатында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Кенжетаевтар отбасының атынан медаль, диплом және бағалы сыйлықтар тапсырылды.  

Дәстүр бойынша, жаңа рейтингке көз салуды ұмытпаңыздар!

 

Әлем және Азия чемпионаттары

ҚР жекелей чемпионаттары

ҚР командалық чемпионаттары