• Register

ІV ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ

Тоғызқұмалақтан ІV Әлем чемпионаты 2017 жылдың қыркүйек айының 03-08 аралығында Астана қаласында өтті. Онда әлемнің 25 елінен 70-тен астам спортшы шеберліктерін көрсетті. EXPO-2017 көрмесі аясында өткен халықаралық турнирді Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және Астана қаласы әкімдігі ұйымдастырды.

Жарыстың жабылу салтанатында Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы президенті Алихан Байменов пен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және денешынықтыру істері комитетінің төрағасы Ельсияр Қанағатов жылы лебіздерін білдірді.

Алихан Байменов «біз үшін кез-келген халықаралық турнирде тек жеңімпаздарды анықтау ғана емес, ұлттық зияткерлік ойынымыздың әлемге таралуы әрі насихатталуы, жаңа деңгейге көтерілуі де маңызды» екенін атап өтті.

Әлем чемпионатында АҚШ, Антигуа мен Барбуда, Ауғанстан, Әзірбайжан, Германия, Грузия, Колумбия, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Монғолия, Өзбекстан, Ресей, Сирия, Тәжікстан, Түркия, Түркменстан, Үндістан, Ұлыбритания, Чехия, Швейцария сияқты мемлекеттерден - әлемнің төрт құрлығынан спортшылар қатысты. Австрия, Камерун, Польша және Украина спортшылары тұңғыш рет тоғызқұмалақтан әлемдік аренада сайысқа түсті. 

Чемпионат ерлер және әйелдер арасында жеке-жеке тоғызқұмалықтың классика, рапид, блиц түрлері бойынша өтті. Алғаш рет осы чемпионатта тоғызқұмалақтан жұптық командалық жарыс болады. Оған әр мемлекеттен 1 ер, 1 әйел адам қатысты. Зияткерлік «жекпе-жектер» нәтижесінде Қазақстан, Қырғызстан және Моңғолия спортшылары жеңіс тұғырынан көрінді. 

Сонымен қатар, 6 тамызда өткен федерация жиынында тоғызқұмалақтың әлемде таралу аясын кеңейту, әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастыру мәселелері талқыланып, кадрлық шешімдер қабылданды. Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясы Президенті лауазымына - Алихан Байменов, Вице-президент лауазымдарына - профессор Жан Решитский ( Швейцария), Рауф Өзген ( Түркия), Асылxан Сәкей (Монғолия), Дастан Қапаев (Қазақстан), ал Бас xатшылыққа - Мақсат Шотаев сайланды.

Тоғызқұмалақтан келесі V әлем чемпионаты 2019 жылы - Түркияда, Еуропа чемпионаты 2018 жылы - Францияда, Азия чемпионаты 2018 жылы – Монғолияда өтеді деп жоспарлануда.

Тоғызқұмалақтан ІҮ әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегелері


Командалық есепте


1-орын Қазақстан-1.
Серік Ақтаев, Əсел Дəлиева.

2-орын Қазақстан-2
Жанат Қаймулдин, Роза Райымбекова.

3-орын Моңғолия
Жасұлан Рысбек, Құралай Құлбек

Жекелей есепте (классика)
Ерлер арасында


1-орын Елеусінов Хакімжан (Қазақстан) 
2-орын Матылов Сайлан (Қазақстан)
3-орын Мамбеталиев Белек (Қырғызстан)


Қыздар арасында


1-орын Далиева Əсел (Қазақстан)
2-орын Сағынбекова Жаңыл (Қырғызстан)
3-орын Кенжебекова Ақерке (Қазақстан)

Жекелей есепте (блиц)
Ерлер арасында


1-орын Иброгимов Кубан (Қырғызстан)
2-орын Джамакеев Анарбек (Қырғызстан)
2-орын Матылов Сайлан (Қазақстан)


Қыздар арасында


1-орын Нөсерова Қымбат (Қазақстан)
2-орын Кенина Диана (Қазақстан)
3-орын Асеева Адина (Қырғызстан)

Жекелей (рапид)
Ерлер арасында


1-орын Қабиев Нұрбек (Қазақстан)
2-орын Джамакеев Анарбек (Қырғызстан)
3-орын Елеусінов Хакімжан (Қазақстан)


Қыздар арасында


1-орын Каримова Лина (Қазақстан)
2-орын Далиева Əсел (Қазақстан)
3-орын Құрманбекова Мадина (Қырғызстан)

Әлем және Азия чемпионаттары

ҚР жекелей чемпионаттары

ҚР командалық чемпионаттары