• Register

I Әлем Чемпионаты

І Әлем Чемпионатының қорытындысы

 

2010 жылдың 2-6 қараша аралығында Астана қаласында Тоғызқұмалақтан Тұңғыш Әлем Чемпионаты болып өтті.

Алғашқы Әлем Чемпионатына барлығы 16 мемлекеттен: Антигуа-Барбадуа – 2 адам, Әзірбайжан – 1 адам, Германия – 1 адам, АҚШ – 1 адам, Испания – 1 адам, Қазақстан – 6 адам, Қырғызстан – 6 адам, Қытай – 2 адам, Өзбекстан – 4 адам, Грузия – 1 адам, Монғолия – 6 адам, Түркия – 2 адам, Түркменстан – 2 адам, Ресей – 6 адам, Чехия – 1 адам, Швейцария – 1 адам, яғни 43 спортшы, оның ішінде 25 ер, 18 әйел адам қатысты.

Бұл жарысты Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі Спорт комитеті, Халықаралық  және Қазақстан Тоғызқұмалақ Қауымдастықтары мен Астана қаласы әкімдігі ұйымдастырды. Мақсаты – қазақ халқының зияткерлік ойыны тоғызқұмалақты әлемдік деңгейде насихаттау, ең үздік спортшыларды анықтау, ойынның халықаралық танымалдығы мен бұқаралығын арттыру.

Ерлер және қыздар арасында жекелей 7 турда өткізілген жарыстың нәтижесі төмендегідей:

ерлер (кесте)

1. Ғалымжан Темірбаев (Қазақстан) – 6,5 ұпай;

2. Айдос Сейітжан (Қазақстан) – 6 ұпай;

3. Батырхан Әбілбеков (Қазақстан) – 5,5 ұпай;

қыздар (кесте)

1. Әсел Далиева (Қазақстан) – 7 ұпай;

2. Салтанат Сапарбекова (Қазақстан) – 6 ұпай;

3. Диана Кенина (Қазақстан) – 5 ұпай.

Классикалық ойын түрімен қоса шапшаң (блиц) ойыннан да жарыс өткізілді. Шапшаң ойын 7 турдан болды, әрбір спортшыға 7 минуттан уақыт берілді. Шапшаң ойынның нәтижелері төмендегідей:

ерлер

1. Ғалымжан Темірбаев (Қазақстан) – 6 ұпай;

2. Мақсат Шотаев (Қазақстан) – 6 ұпай;

3. Нұрбек Қабиев (Қазақстан) – 6 ұпай;

қыздар

1. Әсел Далиева (Қазақстан) – 6,5 ұпай;

2. Диана Кенина (Қазақстан) – 6 ұпай;

3. Салтанат Сапарбекова (Қазақстан) – 5 ұпай.

Әлем Чемпиондары мен жүлдегерлерге Кубоктар, медалдер және қаржылай сыйлықтар тапсырылды.

Чемпионат аясында Халықаралық Тоғызқұмалақ Қауымдастығының кезекті мәжілісі өтті. 5-қараша күні өткен жиналысты қауымдастық төрағасы А.Байменов жүргізді.

Мәжіліс барысында шет елден келген өкілдер өз пікірлерін ортаға салып, Халықаралық Қауымдастықтың өз елдеріндегі үйлестірушісі болуға  келісті. Мәжіліске қатысушылар төмендегідей шешім қабылдады:

1.  15 мемлекеттің өкілдері Халықаралық қауымдастыққа мүше болып қабылдансын. Қазақстаннан сенат депутаты Светлана Жалмағанбетова, Мәжіліс депутаты Құттықожа Ыдырысов, «Парасат» холдингісінің басшысы Нұралы Бектұрғанов, кәсіпкер Ізет Тілешев, белгілі спорт қайраткері Несіп Жүнісбаев, әлем чемпиондары Ғалымжан Темірбаев пен Әсел Далиева  енгізілсін.

2.  II-ші Азия чемпионаты Қырғыз Республикасында 2011ж. маусым айында өткізілсін.

3. Тоғызқұмалақтан Әлем Чемпионаты 2 жылда 1 рет өткізілсін. Тоғызқұмалақтан өтетін ІІ Әлем Чемпионатын Чехияның Пардубице қаласында, 201жылы шілде айында өткізілуі хат белгіленсін.

Чемпионат туралы толық ақпарат алу үшін Халықаралық және Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ Қауымдастығының төрағасы

Әлихан Байменовке +7(7172)21-37-50,  

мемлекеттік жаттықтырушы  Мақсат Шотаевқа – 87014267642,

баспасөз-хатшысы Ырысбай Абдужаппаровқа - 87015575406,

электрондық адрес - Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. , Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. . Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.     хабарласуға болады.

Әлем және Азия чемпионаттары

ҚР жекелей чемпионаттары

ҚР командалық чемпионаттары