Спорттық төрешілерге біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптары

 

Спорттық төрешілер

 

«Спорт төрешісі» 16 жасқа толған және асқан, спорт түрі бойынша кемінде бір жыл аудандық, қалалық деңгейдегі жеті жарыстарда төрешілік еткен тұлғаларға беріледі.

«Бірінші санаттағы спорт төрешісі» кемінде екі жыл «Спорт төрешісі» санаты бар және келесі талаптарды орындаған төрешілерге беріледі:

- спорт түрі бойынша кемінде бес облыстық деңгейдегі жарыстарда төрешілік ету және  аға, бас төрешінің немесе төрешілер алқасы мүшесінің міндетін орындау;

- төрешілер семинарына қатысу және ол бойынша сынақ тапсыру.

«Ұлттық спорт төрешісі» кемінде үш жыл «Бірінші санаттағы спорт төрешісі» санаты бар және келесі талаптарды орындаған төрешілерге беріледі:

спорт түрі бойынша кемінде жеті Қазақстан Республикасы чемпионаттарында төрешілік ету және аға төрешінің, бас төрешінің немесе төрешілер алқасы мүшесінің міндетін орындау;

- ұлттық спорт төрешісін дайындау бойынша екі төрешілік семинарына қатысу және ол бойынша сынақ тапсыру.

«Жоғары санатты ұлттық спорт төрешісі» кемінде үш жыл «Ұлттық спорт төрешісі» санаты бар және келесі талаптарды орындаған төрешілерге беріледі:

-  спорт түрі бойынша кемінде он Қазақстан Республикасы чемпионаттарында төрешілік ету  және  аға төрешінің, бас төрешінің немесе төрешілер алқасы мүшесінің міндетін орындау;

 

- жоғары санатты ұлттық спорт төрешісін дайындау бойынша екі төрешілік семинарына қатысу және ол бойынша сынақ тапсыру.