«КЕЛІСЕМІН» «Зияткерлік Тоғызқұмалақ Қауымдастығы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Президенті
____________Қ. Идирисов «__» ____________ 2013 ж. |
«БЕКІТЕМІН» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары
____________М. Омаров «__» ____________ 2013 ж. |
Тоғызқұмалақ
қағидасы мен ережесі
Астана - 2013
Мазмұны
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Алғы сөз
Қазақ халқының ағартушылары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев тоғызқұмалақ ойынын ерекше мадақтаған, әсіресе Абай бұл ойынды сүйсініп ойнаған. Тоғызқұмалақты ойнау үшін Абайдың ауылына көне ойынның шеберлері мен ойыншылары әдейі жиналады екен. Абай бос уақытында ойынды ұйымдастыру үшін үнемі ойын тақтасын алып жүрген.
Тоғызқұмалақ – 4 мың жылдық тарихы бар, қазіргі уақытта әлемге әйгілі зияткерлік ойындардың ішінде ерекше маңызға ие ата-бабамыздан қалған асыл мұраларымыздың бірі. Республикамыздың әр түкпірінен табылған, тасқа қашалып қалдырылған тоғызқұмалақ тақтасының бейнелері де ойынның өте ертеде пайда болғанынан хабар береді.
Өткен ғасырдың 60-жылдарында Орталық Комитетке ашық хат ұйымдастырып, тоғызқұмалақ ойынының ұрпақ үшін қажет екенін дәлелдеп, араша түскен зиялы қауым өкілдері К. Каукетаев, Р. Абдуллин және осы өнерді серік еткен М. Әуезов пен Қ. Қуанышбаевтар ойынның қазіргі заманға аман-есен жетуіне зор еңбек сіңірді.
Қазіргі таңда республика бойынша қазақтың төл ойыны - тоғызқұмалақпен шұғылданушылардың саны 100 мың адамға жақындады. Тоғызқұмалақпен тек шетелдегі қазақтар ғана емес, сонымен бірге Англия, Франция, Германия, Испания, Чехия, Ресей, Украина, Қытай мемлекеттерінде де жергілікті халықтардың арасында ойнаушылардың саны артуда.
Ресей ғалымдарының ішінде этнограф Н.Пантусов 1906 жылы Қазан қаласында тоғызқұмалақ туралы алғаш мақала жариялады. 1936 жылы Орта Азияда алғаш рет «Тоғызқұмалақ» кітабын жазған түркітанушы С. Аманжолов болды.
Тоғызқұмалақтан 1948 жылы Алматы қаласында өткен бірінші республикалық чемпионатқа 4 адам қатысып, бірінші жеңімпаз ретінде Жамбыл облысының өкілі – Ш. Өтегенов танылды.
Тоғызқұмалақ тақтасындағы отауларға сандық белгі қойылмастан бұрын әріптік белгілер қойылған, оның авторы – Ш. Ыбыраев. 1949 жылы өткен Қазақстан Республикасының ІІ Чемпионатында тоғызқұмалақ тақтасындағы отауларды әріптік белгілеу нотациясы қолданылды. 1974 жылы әріптік белгілеу сандық белгілеуге көшірілді. Авторы – С.Тілеубаев.
1974 жылы Қазақ ССР тоғызқұмалақ федерациясы құрылды. Тоғызқұмалақ ойынының ережесі ретінде С. Аманжолов пен Т. Сұлтанбековтың кітаптарындағы қағидалар алынды. 1990 жылы тоғызқұмалақ Федерациясының президенті болып Н. Жүнісбаев сайланды.
1978 жылы Қазақ ССР-нің ресми чемпионы болған қостанайлық Д. Поляков «Спорт шебері» ресми атағына да тұңғыш рет ие болды. Оған дейін Қазақ ССР-нің жекелей чемпионаты ашық түрде өткізіліп келген болатын. 1984 жылы Қазақ ССР-нің командалық чемпионаты алғаш рет өткізілді.
1980 жылы Қазақ ССР тоғызқұмалақ федерациясының тапсыруымен тоғызқұмалақ ойынының негізгі қағидаларына қаратаулық Ә. Ақшораев пен алматылық Н. Жүнісбаев өзгерістерді енгізді. Ал 1991 жылы Б. Әзімжанов пен М. Таникеев тоғызқұмалақ ойынының негізгі қағидаларына жаңа толықтырулар мен түзетулерді енгізді.
1990 жылы Тоғызқұмалақ Федерациясының І Республикалық конференциясында қостанайлық халықаралық дәрежедегі спорт шебері Б. Әзімжановтың ұсынысымен рейтинг-парағы енгізілді. Бірақ бұл жұмыс кейін жүйелі түрде жүргізілмей қалғанымен, 2006 жылы қайта жанданды.
1991 жылдан бері Қазақстан Республикасының жекелей чемпионаты ерлер мен әйелдер арасында бөлек өткізіліп келеді. Оған дейін олар сайысқа бірге түсіп келген болатын. 1991 жылдың чемпиондары жамбылдық спортшылар – ерлер арасында Қазыбеков Ғани мен әйелдер арасында Өмірзақова Гүлнар болды.
1997 жылдан бастап ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін халықаралық жарыс өткізіліп келеді. Бұл жарысқа Монғолия, Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің спортшылары қатысуда.
1999 жылы ҚР жекелей чемпионатының үш дүркін жеңімпаздары Б. Әзімжанов пен А. Жақапбаеваға алғаш рет «Халықаралық дәрежелі спорт шебері» спорттық дәрежелері берілді.
2001 жылдан бері ҚР Туризм және спорт министрлігі ҚР ардагерлері, жасөспірімдер мен жастар арасындағы чемпионаттарды бөлек өткізіп келеді.
2006 жылы әр ойыншының жеке дәрежесін (рейтинг) есептеу тәртібі қайта енгізілді. 2007 жылы рейтинг бойынша тұңғыш рет «Спорт шебері» спорттық дәрежесін қостанайлық Д. Қасенова орындады.
Тоғызқұмалақ тарихында 2006 жылы алғаш рет Лондонда өтетін зияткерлік ойындар олимпиадасының бағдарламасына, кейін 2008 және 2009 жылы Чехияда өтетін дүниежүзілік зияткерлік ойындар олимпиадасының бағдарламасына енді.
2008 жылы Орал қаласында өткен ҚР Президентінің жүлдесі үшін жарыста Халықаралық Тоғызқұмалақ Федерациясы құрылды. Президенті - А.Байменов. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Монғолия, Ресей Федерациясы және Қытай елдері мүше болды.
2008 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ
Қауымдастығының www.9kumalak.com ресми сайты жұмыс жасай бастады.
2009 жылдың 15 қыркүйегінен канадалық Арти Сандлер, германиялық Ральф Геринг және қазақстандық Серік Ақтаевтің бастауымен әлемдік ғаламторда тоғызқұмалақ ойыны тіркеліп, www.iggamecenter.com сайтында тоғызқұмалақты онлайн жүйеде ойнайтын бағдарлама жасалды. Сонымен бірге интернетте қазақ, чех, ағылшын, орыс, түрік тілдерінде сайттар ашылып, жұмыс жасалуда.
2010 жылы тоғызқұмалақтан халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Серік Ақтаев пен Диана Кенина және бағдарламашы Ернар Шамбаев бірігіп тұңғыш тоғызқұмалақтан компьютер бағдарламасын жасады.
2010 жылдың 1-7 қараша аралығында Астана қаласында Тоғызқұмалақтан І Әлем Чемпионаты өтті. Алғашқы Әлем Чемпионатына барлығы 19 мемлекеттен: Антигуа-Барбуда – 2 адам, Әзірбайжан – 1 адам, Германия – 1 адам, АҚШ – 1 адам, Испания – 1 адам, Қазақстан – 6 адам, Қырғызстан – 6 адам, Қытай – 2 адам, Өзбекстан – 4 адам, Грузия – 1 адам, Монғолия – 6 адам, Түркия – 2 адам, Түркменстан – 2 адам, Ресей (Алтай, Башқұртстан, Қарашай-Шеркесия, Татарстан, Тыва) – 6 адам, Чехия – 1 адам, Швейцария – 1 адам, яғни 43 спортшы, оның ішінде 25 ер, 18 әйел адам қатысты. Классикадан ерлер арасында бірінші Әлем чемпионы Ғалымжан Темірбаев (Қазақстан). Классикадан қыздар арасында бірінші Әлем чемпионы Әсел Далиева (Қазақстан). Блицтен ерлер арасында бірінші Әлем чемпионы Ғалымжан Темірбаев (Қазақстан). Блицтен қыздар арасында бірінші Әлем чемпионы Әсел Далиева (Қазақстан).
2012 жылдың 13-20 шілде аралығында Пардубице (Чехия) қаласында Тоғызқұмалақтан ІІ Әлем Чемпионаты өтті. ІІ Әлем Чемпионатына 10 мемлекеттен (Германия, АҚШ, Ресей, Швейцария, Түркия, Украина, Латвия, Қырғызстан, Чехия және Қазақстан) 47 спортшы қатысты. Классикадан ерлер арасында Әлем чемпионы Хакімжан Елеусінов (Қазақстан). Классикадан қыздар арасында Әлем чемпионы Әсел Далиева (Қазақстан). Блицтен ерлер арасында Әлем чемпионы Айдос Сейтжан (Қазақстан). Блицтен қыздар арасында Әлем чемпионы Әсел Далиева (Қазақстан). Рапидтан ерлер арасында бірінші Әлем чемпионы Серік Ақтаев (Қазақстан). Рапидтан қыздар арасында бірінші Әлем чемпионы Диана Кенина (Қазақстан).
Тоғызқұмалақ ойынының қағидасы, заңдылықтары
Ереже тақтада ойналатын зияткерлік ойынға қатысты, әрі ойын барысында кездесетін барлық жағдайды ескере бермейді және ұйымдастыру мәселелерінің барлығын қамти алмайды. Ереженің бабымен толық реттелмейтін жағдайлардың шешімі, ережеде қаралатын ұқсас жағдайлардың негізінде жарыстың Бас төрешілер алқасының жиналысында қабылданады. Ереже төрешілердің қажетті құзыретке ие, ой-білімі жеткілікті және үнемі нақты болатынына сүйенеді.
Тоғызқұмалақ ойынының мәні – адамға үйлесімді (гармониялық) тәрбие беру, кез-келген жанның ақыл-ойын шыңдау, ми қызметін дамыту және қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру.
Тоғызқұмалақ – бабаларымыздың ұрпағына қалдырған баға жетпес сыйы, рухани құндылығы, аманаты. Бұл ойын ең жетілген спорт түрлерінің бірі ретінде адамзатты жаңа шыңдарға жетелейтін ойы кең, рухы биік, саналы тұлғаларды тәрбиелеудің қуатты құралы бола алады.
Заңдылықтары:
- тоғызқұмалақ ережелерін қолданудың бір ізділігін қамтамасыз ету, жарыс өткізу жүйесін бір қалыпқа келтіру;
- спорттық шеберлікті және зияткерлік қабілетті арттыру;
- ұлттық ойынды халық арасында кеңінен насихаттау және ары қарай дамыту.
Ойыншы ұстанымы
Ар-ұждан - бұл ойыншының басты ішкі адамгершілік қасиеті, оның айбыны, ізгі жаны және таза ары.
1. Өз отанының адал азаматы болу.
2. Шығармашыл, өз ойлары мен істерінде дербес, іс-әрекеттері мен ниеттерінде игілікті де парасатты болу.
3. Қандай жағдайда болмасын сыпайылық пен кішіпейілділік танытып, өзін-өзі ұстай білу, белгіленген қоғамдық тәртіп ережелері мен жеке адамдар қарым-қатынастарының қағидаларын сақтау.
Тоғызқұмалақ сөздігі
- «Тоғызқұмалақ тақтасы» - тең екі бөлікке бөлінген 18 тік отаудан және 2 көлденең қазаннан тұратын арнаулы тақта. |
- «Құмалақ» - ойында пайдаланылатын шар пішінді зат. |
- «Отау» - тоғызқұмалақ тақтасындағы құмалақтар орналасатын арнайы ұяшық. |
- «Қазан» - ұтып алынған құмалақтар салынатын көлденең отау. |
- «Бастаушы» - ойында алғашқы жүріс жасайтын ойыншы. |
- «Қостаушы» - бастаушыдан кейін жауап жүріс жасайтын ойыншы. |
- «Арт» - бірінші отаудың атауы. |
- «Тектұрмас» - екінші отаудың атауы. |
- «Ат өтпес» - үшінші отаудың атауы. |
- «Атсыратар» - төртінші отаудың атауы. |
- «Бел» - бесінші отаудың атауы. |
- «Белбасар» - алтыншы отаудың атауы. |
- «Қандықақпан» - жетінші отаудың атауы. |
- «Көкмойын» - сегізінші отаудың атауы. |
- «Маңдай» - тоғызыншы отаудың атауы. |
- «Тұздық» - қарсыластың жағынан ұтып алынған отау. |
- «Атсырау» - ойын соңына қарай жүрістің таусылуы. |
- «Тақ сандар» - екі санына қалдықпен бөлінетін сандар. |
- «Жұп сандар» - екі санына қалдықсыз бөлінетін сандар. |
- «Ашық отау» - тақ санды құмалақтар жатқан отау. |
- «Жабық отау» - жұп санды құмалақтар жатқан отау. |
- «Табысты жүріс» - ұтысқа ие болған жүріс. |
- «Табыссыз немесе кезекті жүріс» - ұтысқа ие болмаған жүріс. |
- «Диаграмма» - тоғызқұмалақ тақтасының қағазға немесе тақтаға түскен сұлбасы. |
1 Тоғызқұмалақ ойынының ережелері
1.1 Тоғызқұмалақ ойынының сипаты
1. Ойын негізінен екі ойыншының арасында өтеді. Ойынды бастайтын ойыншыны – бастаушы, ал оның қарсыласын қостаушы деп атайды. Бастаушы ойыншы жеребе арқылы немесе рейтингтік көрсеткіштер бойынша анықталады. Тоғызқұмалақ ойынында қарсыластар алма-кезек жүрістер жасайды.
2. Ойын «Тоғызқұмалақ тақтасы» деп аталатын арнаулы тақтада ойналады (1 - сурет). Ойында шар тәріздес құмалақтар пайдаланылады. Бұл тақта тең екі бөлікке бөлінген он сегіз тік және екі көлденең отаулардан тұрады. Тең екі бөліктің әрқайсысында 9-дан отау және бір-бірден қазан болады.
Бұл қазанға әр ойыншы ұтып алған құмалақтарын салады. Әр ойыншының қазаны өз бөлігінде емес, қарсыласының жағында орналасады. Отаулардың рет сандары 1-ден 9-ға дейін белгіленіп, солдан оңға қарай орналасқан. Ойын басында әр отауға 9-дан құмалақтар салынады, яғни ойын басталар кезде әр ойыншының жағында 81-ден құмалақтары болып, ойынға жалпы 162 құмалақ қатысады.
отау
құмалақ
қазан
1- сурет
3. Ойын басталар алдындағы құмалақтардың отауларда орналасуы төмендегі диаграммада бейнеленген (№1 диаграмма).
|
9 8 7 6 5 4 3 2 1
9 |
9 |
9 |
9 |
9 |
9 |
9 |
9 |
9 |
9 |
9 |
9 |
9 |
9 |
9 |
9 |
9 |
9 |
1 2 3 4 5 6 7 8 9
|
№1 диаграмма
1.2 Ойын мақсаты
1.Ойын мақсаты – ойыншы өз қазанына кемінде 82 құмалақ жинап жеңіске жету.
1.3 Жүрістерге түсінік
1. Жүріс жасау үшін бастаушы ойыншы өз жағындағы отаулардың бірінен бар құмалақтарды қолына алып, біреуін қалдырып, оң жағындағы келесі отаудан бастап (сағат тіліне қарама-қарсы бағытта) таратады. Құмалақтарды тарату ойыншының өз отауларынан кейін қарсыластың отауына жалғасады.
2. Егер соңғы құмалақ қарсыластың тақ санды құмалағы бар отауына түсіп, оны жұп қылса (2, 4, 6, 8, 10, 12 және т.с.с.), сол отаудағы құмалақтар ұтып алынып, өз қазанына салынады. Егер соңғы құмалақ қарсыластың отауларының біріне түсіп, оны тақ жасаса немесе соңғы құмалақ қайтадан өз отауларының біріне келіп түссе, бұл жүріс табыссыз немесе кезекті жүріс деп есептелінеді. Онда отауда жатқан құмалақтар ұтып алынбайды.Жұп құмалақты отауды «жабық отау», ал құмалағы тақ санды отауды «ашық отау» деп атайды.
3. Ойын барысында ойыншы отаудағы бір құмалақты келесі отауға жүре алады. Отау бос қалады.
4. Ойын барысында жүріс кезегінде құмалақтарды қолына алған ойыншы сол отаудан жүруге міндетті. Отауда жатқан құмалақтарды тек қаламсаптың көмегімен түзейді. Қолмен түзеген ойыншыға төрешілер тарапынан ескерту беріледі. Отауда жатқан құмалақтарды ретке келтіру үшін қарсыласыңа «түзеймін» деп ескерту қажет. Ойыншы отауда жатқан құмалақтарды өзінің жүріс жасайтын уақыты келгенде ғана реттейді.
5. Жүріс алма-кезек жасалынады. Ойын екі ойыншының бірі 81-ден артық құмалақ жинағанша жалғасады. Ойын екі ойыншының бірі өз қазанына 82 құмалақ жинағанда тоқтатылады.
1.4 «Тұздық» жариялау
1. Егер кезекті жүріс жасағанда соңғы құмалақ қарсыластың №9 отауынан басқа 2 құмалағы бар кез-келген отауына түссе, қалыптасқан 3 құмалақпен бірге отау да ұтып алынып, «тұздық» жарияланады.
2. «Тұздық» алынған отауға арнайы тұздық белгісі қойылады. Жүріс жасалған сайын тұздыққа түсетін құмалақ, міндетті түрде «тұздық» жариялаған ойыншының қазанына салынып отырады.
3. Ойын барысында «тұздық» тек бір рет алынады. Қарсыластың «тұздығы» бар отауының нөмірімен сәйкес келетін отаудан және №9 отаудан «тұздық» алынбайды.
4. Тұздық алынған отауға құмалақтарды жинауға тиым салынады.
1.5 «Атсырау» жағдайы
1. Ойын аяқталуға жақындаған сайын ойыншылардың отауларындағы құмалақтар таусыла бастайды. Қай ойыншының жүрістері бірінші таусылып, жүріссіз қалса, сол ойыншы «атсырау» жағдайына түсті деп есептелінеді. «Атсырау» жағдайына түскен ойыншының қарсыласы қосымша жүріс жасап, барлық құмалақтарды өз қазанына салады. Содан кейін ойыншылар ұтып алған құмалақтардың есебін шығарады.
2. Егер «атсырау» жағдайына түскен ойыншы өз қазанына кемінде 82 құмалақ жинап үлгерсе, жеңіске жетеді. Егер қазандағы құмалақтардың саны 81-ден кем болса жеңіліс табады, ал 81 болса ойын тең аяқталды деп есептелінеді.
1.6 Жазып ойнау тәртібі
1. Ойыншылар әр турдың ойын барысын арнаулы жазу бланкаларына (Жарыс құжаттары. Қосымша 1) толтырып отырады. Жазу бланкаларына жасалған жүрістер анық және сауатты жазылуы тиіс.
2. Жүрістерді жазу үшін мынадай шартты белгілер қолданылады:
: - табысты жүріс
- - табыссыз немесе кезекті жүріс
х – тұздық белгісі
= - тең ойын ұсыну
3. Жазып ойнаудың екі түрі қолданылады: қысқа және толық үлгілері.
Қысқа жазу үлгісінде
- жүрістің реттік саны;
- жүріс жасалатын отаудың нөмірі;
- соңғы құмалақ барып түскен отаудың нөмірі жазылады.
Мысалы: 1. 7:6 (10) 9-8
2. 6-6 8:7...
Толық жазу үлгісінде
- жүрілетін отаудың нөмірі;
- отаудағы құмалақтар саны;
- соңғы құмалақ түскен отаудың нөмірі;
- ондағы құмалақтар саны көрсетіледі;
- тұздық алынған жағдайда X белгісі қойылады;
- қос нүкте (:) - табысты жүрісті, сызықша (-) - жай жүрісті бейнелейді;
- леп белгісі (!) - күшті жүріс;
- сұрақ белгісі (?) - қате жүріс;
- екі леп белгісі (!!) - өте күшті жүріс;
- екі сұрақ белгісі (??) - өте қате жүріс;
- сұрақ және леп белгісінің қатар келуі (?!) - ойландыратын жүріс.
Мысалы, 1.79:610 79:610
2.510-511 910:912
3. 111:212 810:814
4.231:512 92:13х
5.92:114!
4. Ойыншылар жазу бланкаларында жарыстың атауын, жарыстың өтетін мерзімін, турдың реттік санын, кіммен және қай үстелде ойнағанын, ойын нәтижесін көрсетіп, қолдарын қояды. Ойын барысында жазу бланкалары төреші еркін көре алатын жағдайда жатуы тиіс.
5. Жазу бланкаларында тең ойынға жасалған ұсынысты екі ойыншы (=) белгісімен белгілейді.
6. Жазу бланкалары жарысты ұйымдастырушылардың меншігі болып есптелінеді.
2 Тоғызқұмалақтан жарысты ұйымдастырудың ережелері
2.1 Жарыстар, жарыс жүйелері
1. Жарыс – қатысушылардың шеберлігін шыңдауға және көрсеткен нәтижелері бойынша спорттық атақтар мен дәрежелер алуға мүмкіндік беретін бәсеке.
2. Жарыстар жекелей, командалық немесе жекелей-командалық сипатта болады. Жекелей жарыстарда нәтижелер әрбір ойыншыға дербес жазылып, әр ойыншы жеке есептен өтеді. Командалық жарыстарда ойыншылардың нәтижелері толығымен командаға жазылып, есептен тек командалар өтеді. Жекелей – командалық жарыстарда ойыншылардың нәтижелері бір уақытта ойыншыға да, командаға да жазылып, қорытындысында ойыншылар да, командалар да есептен өтеді.
3. Жарыстар келесі санаттар бойынша өткізіледі: Ересектер, Жасөспірімдер, Жастар, Ардагерлер. Бағдарламаға ерекше санаттағы қатысушыларға арналған жарыстар да енгізілуі мүмкін: Мүгедектер, Ауыл спортшылары, Оқушылар, Студенттер т.с.с.
4. Жарысты өткізу жүйелері: айналма, реттелмелі швейцар, олимпиадалық, матч-турнир.
Айналма жүйеде – барлық ойыншылар немесе командалар бір-бірімен кездесіп шығады. Айналма жүйесі жарысқа қатысушылар саны шағын немесе жарысты өткізу мерзімі жеткілікті болғанда қолданылады.
Реттелмелі швейцар жүйесі бойынша жұптау – ойыншылардың немесе командалардың рейтингілеріне сәйкес өткізіледі. Жарысқа қатысушылардың санына байланысты ойын саны кемінде – 5, бірақ 15 турдан аспауы тиіс.
Олимпиадалық жүйе – ойыншы немесе команда жеңіліс сайын қатардан шығып отырады. Бұл жүйені, көбінесе жарысты шектеулі мерзімде өткізгенде қолданады.
Матч-турнир – ойыншылар немесе командалар бір-бірімен бірнеше жеке кездесулер өткізеді.
5. Келесі жылға арналған жарыстардың күнтізбесі ҚР Тоғызқұмалақ Федерациясының күз мезгіліндегі (қыркүйек-қазан айлары) отырысында талқыланып, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігіне бекітуге ұсынылады. Республикалық ресми жарыстар мен турнирлердің күнтізбесі аймақтардың жарысты өткізу жөніндегі тапсырыстары негізінде құрылады.
6. Қазақстан Республикасының командалық чемпионатында командалардың саны 12 болса айналма жүйемен, 12-ден асса өткен жылғы командалық чемпионаттың нәтижесі бойынша екі топқа бөлініп өткізіледі.
7. Қазақстан Республикасының жекелей-командалық ресми жарыстарында (ҚР Кубогі, Универсиада, Спартакиадалар т.б.) командалар саны 10 болса айналма жүйемен, 10-нан асса реттелмелі швейцар жүйесімен өткізіледі.
2.2 Жарысты ұйымдастырушылардың міндеті
1. Қазақстан Республикасында өткізілетін барлық жарыстар Ережеге сәйкес ұйымдастырылады. Республикалық және халықаралық жарыстар ҚР Тоғызқұмалақ Федерациясы және ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінде келісілуі тиіс.
2. Ұйымдастыру алқасының атқаратын іс-шаралары:
- жарыс ережесін жасап, оны бекіту;
- жарыс алаңын даярлау;
- жарысқа қатысушылар мен төрешілерді орналастыру;
- жарыс өткізуге қажетті құжаттармен және құралдармен қамтамасыз ету;
- жарыс бағдарламасын әзірлеу, оны көрнекті жерге ілу;
- жарыс алаңындағы үстелдерге реттік нөмірлер жапсыру;
- жарыстың ашылу және жабылу салтанатын ұйымдастыру;
- марапаттауға әзірлік жасау, дипломдар мен сый-сияпаттар әзірлеу;
- мандат комиссиясының жұмысын жүргізу;
- бұқарамен және БАҚ өкілдерімен жұмыс жүргізу.
3. Жарыстар бекітілген жарыс ережесіне сәйкес өткізілуі тиіс. Жарыстың ережесіне қойылатын негізгі талап – баптарға түрлі түсінік беру мүмкіндігін болдырмау. Жарыс ережесі жарыстың басталу мерзімінен 1 ай бұрын жіберіледі. Жарыс ережесі келесі баптарды қамтиды:
- мақсаты мен міндеттері;
- өткізілетін жері және мерзімі;
- жарыстың өткізілуіне басшылық ету;
- жарысты өткізу жүйесі және жеңімпаздарды анықтау;
- марапаттау рәсімі;
- қатысушылар мен төрешілерді қабылдау шарттары;
- тапсырыс беру мерзімі.
4. ҚР ресми жарыстарының жарқағаздарында Қазақстан Республикасының ресми Елтаңбасы мен Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ Федерациясының таңбасы болуы тиіс.
5. Ұйымдастыру комитеті жарысты қажет төрешілер санымен қамтиды, Бас төрешілер алқасын тағайындайды және жарыстың төрешілігіне байланысты шығындарға қаражат бөледі. Әр жарыста бас төреші, бас төрешінің орынбасары, бас хатшы, бас хатшының орынбасары, төреші-хатшы және қатардағы төрешілер тағайындалады.
6. Бас төрешілер алқасы бекітілген талапқа сәйкес жарыс құжаттарымен, жеребе жүргізу үшін компьютермен, кеңсе тауарларымен және басқа да шығын материалдарымен қамтамасыз етілуі тиіс. Жарыс құжаттары:
- жарыстың хаттамасы;
- жарыстың нәтижелер кестесі;
- партияны жазу бланкасы;
- ескерту бланкасы;
- наразылық бланкасы;
- ойыншы анықтамасы;
- төрешілік анықтамасы;
- жарыстың есебі.
7. Жарыстың алдын-ала тапсырысы жарыстың басталу мерзімінен 15 күн бұрын беріледі. Түпкілікті тапсырыс жарысқа келген күні Бас төрешілер алқасына тапсырылуы тиіс.
8. Ойыншылардың аты-жөні, туған жылы, айы, күні, спорттық атағы, рейтингі, оқу немесе жұмыс орны, жаттықтырушысы көрсетіліп, дәрігердің қолы қойылған түпкілікті тапсырыс (Жарыс құжаттары. Қосымша 2) компьютерлік мәтінде теріліп, конверт ішінде қабылданады. Тапсырыста қаламсаппен түзетулер енгізуге тиым салынады.
9. Командалық жарыстардың тапсырысында ойыншылардың жынысы, рейтингі, ойнайтын тақталарының реттік саны (Жарыс құжаттары. Қосымша 3), команда құрамына ауысым үшін ойнайтын қосымша 2 спортшының (1 ер, 1 әйел) тізімі міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
10. Ресми жарыстарда алғашқы ойынның жеребесі жарыстың басталуынан 5-6 сағат бұрын жүргізіліп, алғашқы ойын түс ауа басталады. Келесі ойынның жеребесі кезекті ойын аяқталғаннан 1 сағаттан кейін өткізіледі. Әр ойынның жеребесіне команда өкілінің немесе жаттықтырушының қатысуына рұқсат беріледі. Әр 1 ойынның арасындағы үзіліс 2 сағаттан кем болмауы тиіс.
11. Жарысты ұйымдастырушылар жарысты қай тақта түрімен қамтамасыз етсе, жарыс сол тақта түрімен өткізіледі.
12. Жарыста әр түрлі тақталар болған жағдайда артықшылық төрешілер алқасының ұйғарымымен шешіледі.
13. Зағип ойыншыларға тақтаны таңдау артықшылығы беріледі. Бір уақытта екі тақтада ойнауға рұқсат етілмейді.
14. Жарысты ұйымдастырушылар ниет білдірген қатысушылар үшін мәдени іс-шаралар (экскурсияға шығу, мұражайларды аралау, жергілікті театрларға бару, т.б.) өткізеді.
15.Ұйымдастыру комитеті жарыс қорытындысы бойынша жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін бағалы сыйлықтармен (медальдар, грамоталар) марапаттайды. Жарыс қорытындысы бойынша келесі номинациялармен марапаттауға болады: «Жарыс аруы», «Жігіт сұлтаны», «Ең жас ойыншы», «Тарлан ойыншы», «Жазу бланкасын үлгілі толтырушы». Жыл қорытындысы бойынша «Ең үздік төреші», «Ең үздік ойыншы», «Ең үздік жарысты ұйымдастырушы қала», «Ең үздік жыл Федерациясы», «Ең үздік инновация», «Ең үздік басылым беті», «Ең үздік сайт» номинациялары анықталады.
2.3 Жарысқа қатысушылардың міндеті
1. Жарысқа қатысушы әр спортшы тоғызқұмалақ ойынының негізгі қағидаларын білуі тиіс.
2. Жарыс барысында ойыншылар төрешілердің Ережеге сай талаптарына толықтай бағынулары тиіс.
3. Әр бір ойыншы ойынға уақытында келуге міндетті. Кешіккен ойыншыға төреші сағатты қосқаннан кейін ескерту беруге құқылы.
4. Жарысқа қатысушылар ойын алаңына тек қаламсаппен келулері тиіс. Ойын аяқталғаннан кейін ойыншыға өзінің ойынын көшіріп алуға рұқсат беріледі.
5. Ойыншылар жазу бланкаларын толық, әрі анық толтыруға міндетті. Егер ойыншы уақыт тапшылығына түссе (ойынға берілген уақыттың аяқталуына 5 минут қалғанда), ол ойыншыға жазу бланкасын толтырмауға рұқсат беріледі. Ойыншы ойын аяқталғаннан кейін қарсыласының жазу бланкасы арқылы өзінің жазбаған жазуларын қалпына келтіреді.
6. Ойыншыларға жазу бланкаларына қосымша суреттер салуға, бояуға тиым салынады.
7. Ойыншыға ойын басталғаннан алғашқы 1 сағаттан кейін басқа ойыншының ойынын тамашалауға рұқсат беріледі. Ойыншы өзінің кезекті жүрісін жасағаннан кейін ғана орнынан тұра алады. Қатарынан екі ойыншының да ойын алаңын тастап кетуіне тиым салынады.
8. Жарыс барысында ойыншыларға кез-келген қысқаша жазбаларды, ақпарат көздерін, біреулердің кеңестерін пайдалануға, сонымен бірге команда өкілімен, жаттықтырушылармен тілдесуіне, ымдасуына, ақыл-кеңес алуына және ойын алаңында ойындарды талдауына тиым салынады.
9. Ойыншыға кез-келген тәсілмен қарсыласының ойын бөлуге, мазалауына болмайды. Бұл дәлелсіз өтініштер мен табанды түрде тең ойын ұсынуды да қамтиды.
10. Ойын барысында ойыншылар ұялы телефондарын өшіруге міндетті. Қосулы телефон анықталған жағдайда ойыншыға жеңіліс жарияланады.
11. Жарыс өтіп жатқан жарыс алаңына команда өкілдері мен жаттықтырушылар немесе басқа да көрермендер тек қана төрешінің рұқсатымен кіре алады.
12. Жарыс өтіп жатқан жарыс алаңында команда өкілдері мен жаттықтырушыларға ойын барысы туралы әңгімелесуге және оны талқылауға тиым салынады.
13. Әр ойыншы жарыстың соңына дейін қатысуға міндетті. Жарыстың 2 турына себепсіз немесе өтінішсіз қатыспаған ойыншы келесі жеребеден алынады.
14. Команда өкілдері ойыншыларының киім үлгілеріне ерекше мән бергендері жөн.
15. Барлық ойыншылар мен команда өкілдері жарыстың ашылу және жабылу салтанатына қатысуға міндетті (Бас төрешілер алқасы басқаша шешпегенде).
Командалық жарыстарға қосымша толықтырулар
1. Жарысқа қатысу жөніндегі тапсырыста қай тақтада ойнайтыны көрсетілген ойыншылар жарыс соңына дейін өз тақталарын өзгерте алмайды.
2. Жарыс барысында команда өкілдері тапсырыста көрсетілген ойыншылармен екі ойыншыны ауыстыра алады. Ауыстырылған ойыншылар жарысқа қайта қосыла алмайды. Ойыншыларға тақталарының орнын ауыстыруға тиым салынады.
3. Жарыс барысында тапсырыста жоқ ойыншының команда құрамында өнер көрсеткені анықталса, тәртіп бұзған командаға қандай нәтиже көрсеткеніне қарамастан, сол ойындағы нәтижесіне жеңіліс жарияланады.
4. Командалық жарысқа әр облыстың команда құрамы 60 пайыздан аспаса қатыстырылмайды.
5. Команда құрамы толық болмаған жағдайда ойыншылар реттік сан бойынша отырғызылады.
6. Жарыста әйелдер ерлердің орнына ойнауға құқылы, ал ерлер әйелдердің орнына ойнай алмайды.
7. Командалық жарыстарда ерлер алдыңғы тақтада ойнауға міндетті.
2.4 Жарыс төрешілері мен жүгіну алқасы
1. Жарысты ұйымдастыру алқасы Бас төрешілер алқасы мен жүгіну алқасын құрап, оны бекітеді. Республика көлемінде өтетін барлық ресми жарыстардың Бас төрешілер алқасының құрамы республикалық Тоғызқұмалақ Федерациясымен келісіледі. Бас төрешілер алқасының құрамын ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі бекітеді.
2. Бас төрешілер алқасының құрамына бас төреші, бас төрешінің орынбасары, бас хатшы, бас хатшының орынбасары және төреші-хатшы кіреді. Қатардағы төрешілердің саны жарыстың дәрежесімен анықталады:
а) ресми, халықаралық және республикалық жарыстарда – 2-3 жұпқа 1 төреші;
б) облыстық, қалалық жарыстарда – 4-5 жұпқа 1 төреші.
3. Жарыс төрешілерінің басты қағидалары бейтараптық болып, жарыс ережесінің қатаң сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.
4. Бас төрешілер алқасының міндеттері:
а) жарыстың басталуына дейін:
- жарыс алаңының даярлығын тексеру;
- жарысқа қатысушылардың тапсырыстарын тексеру және тіркеу;
- жарыстың алғашқы ойынының жеребесін өткізу;
- жарыстың коэфициентін есептеп шығару.
б) жарыс аяқталғаннан кейінгі бас төрешілер алқасының міндеттері:
- жарыс қорытындысын шығару және нәтижелерін бекіту;
- кезекті спорттық дәреже орындаған спортшыларға анықтама толтыру;
- төрешілерге анықтама беру;
- жарыс қорытындысы бойынша есеп беру.
5. Ереженің бабымен толық реттелмейтін жағдайлардың соңғы шешімі ережеде қаралатын ұқсас жағдайлардың негізінде, жарыстың Бас төрешілер алқасының жиналысында дауыс беру арқылы қабылданады. Алқа мүшелерінің дауысы тең болған жағдайда бас төрешінің дауысы шешуші дауыс болып табылады.
6. Төрешілер қолданатын жаза түрлері:
- бірінші ескерту (ауызша ескерту);
- екінші ескерту (жазбаша ескерту болып тіркеледі);
- үшінші ескерту (қатаң ескерту болып тіркеледі). Үшінші рет ескерту алған ойыншының мәселесі Бас төрешілер алқасында қаралады;
- төртінші ескерту (тәртіп бұзған ойыншының команда өкіліне немесе жаттықтырушысына берілген ескерту болып тіркеледі);
- бесінші ескерту (ойыншы жарыстан шығарылады).
7. Бас төрешілер алқасының қолданатын жаза түрлері:
- ойыншыға жеңіліс жариялау;
- команда өкіліне немесе жаттықтырушысына ескерту беру;
- ойыншыны және команда өкілін немесе жаттықтырушыны жарыстан шығару;
- командалық жарыста тапсырыста көрсетілмеген ойыншы анықталған жағдайда, команданың сол ойындағы нәтижесіне жеңіліс жариялау.
8. Төрешілерге қолданылатын жаза түрлерін Бас төреші мен жүгіну алқасы біріге отырып шешеді.
Сонымен бірге төреші бас төрешімен ақылдаса отырып, жағдайға байланысты қажет деп тапса:
- қарсыласының қалған уақытын көбейтеді;
- ережені бұзған ойыншының қалған уақытын азайтады.
- төреші берген ескертуді басқа төреші өзгерте алмайды.
9. Ойын барысында ойыншылар ұялы телефондарын өшіруге міндетті. Қосулы телефон анықталған жағдайда ойыншыға жеңіліс жарияланады.
10. Егер команда өкілінің немесе жаттықтырушының төрешілер тарапынан алған ескертуі қайталанатын болса, төрешілер оны жарыстың соңына дейін ерекше бақылауға алады. Жарыс барысында ескерту алған адамдардың тізімі бас төрешілер алқасында сақталынып, әр ойыннан кейін хабарланады.
11. Бас төрешінің міндеттері:
- жарыс алаңын ұйымдастыру алқасымен бірге қабылдауға қатысу;
- мандаттық комиссияның жұмысына қатысу;
- жарыстың барысына басшылық жасау;
- төрешілерді тағайындау;
- жарыс бағдарламасын бекіту;
- жеребе өткізуді қадағалау;
- әр ойын күнін қорытындылау және жарыс барысында туындаған даулы мәселелерді шешу;
- жарыстың қорытынды есебін беру.
12. Бас төреші орынбасарының міндеттері:
- жеребе өткізу;
- төрешілер жұмысына басшылық жасау, олардың міндеттерін белгілеу;
- төрешілерге анықтама толтыру;
- ойыншыларға анықтама толтыру;
- қажет жағдайда бас төрешінің орнын алмастыру.
13. Бас хатшының міндеттері:
- жарыс бағдарламасын даярлау;
- бақылау сағатын белгілеу және оған бақылау жүргізу;
- нәтиже кестесін толтыру;
- қажет жағдайда бас төреші мен оның орынбасарын алмастыру.
14. Бас хатшы орынбасарының міндеттері:
- жарысқа келгендерді тіркеу;
- ойын алдында жазу бланкаларын даярлау;
- қатардағы төрешілерден ойын нәтижелерін қабылдау;
- хаттамалар толтыру.
15. Қатардағы төрешілердің міндеттері:
- жазу бланкаларын тарату;
- ойыншылардың жазу бланкаларын талапқа сай толтыруын қадағалау;
- уақытты бақылау;
- ойын нәтижелерін қабылдау;
- ойын нәтижелерін төреші-хатшыға өткізу;
- жеребе бойынша ойыншылардың жеке дерекнамаларын (табличка) ойын үстелдерінде дұрыс орналастыру.
16. Әр ойын аяқталғаннан кейін ойналған ойындардың жазулары ойыншылардың көшіріп алуларына ыңғайластырылып, көрнекі жерге қойылады.
17. Жүгіну алқасының міндеттері:
- жарыстың қабылданған ережеге сай өтуін қадағалау;
- команда өкілінің немесе жаттықтырушының наразылық хаттарын қабылдау;
- Бас төрешілер алқасымен бірге түскен наразылыққа байланысты шешім қабылдау.
18. Жарыстың Бас төрешісі жарыс барысында тоғызқұмалақ ойынының негізгі қағидалары және жарыс өткізу ережелеріне бағынышты.
2.5 Жеребе өткізу
1. Жеребе жарысқа қатысуға ниет білдірген команданың немесе жеке спортшылардың тапсырыстары негізінде өткізіледі.
2. Жарысты ұйымдастырушылар алқасы қатысушылар тарапынан жарысқа қатысу туралы мағлұмат алмаса, төрешілер алқасы алғашқы ойынның жасалған жеребесін жаңартып жасамау еркіндігін қалдыра алады.
3. Реттелмелі швейцар жүйесімен өтетін жарыстарда қанша ойын ойналатыны (турлар) спортшылардың жалпы санына байланысты анықталады.
4. Ресми жарыстарда алғашқы ойынның жеребесі жарыстың басталуынан 5 сағат бұрын жүргізілуі тиіс.
5. Келесі ойынның жеребесі кезекті ойын аяқталғаннан 1 сағаттан кейін өткізіледі. Әр ойынның жеребесіне команда өкілінің немесе жаттықтырушының қатысуына рұқсат беріледі. Әр 1 ойынның арасындағы үзіліс 2 сағаттан кем болмауы тиіс.
6. Реттелмелі швейцар жүйесімен өтетін жарыстарда дәйекті себептерге байланысты ойналмаған ойындарды кезекті жеребе өткізгенде шартты түрде тең ойын деп есептейді.Кейінге қалдырылған ойындар келесі ойын жеребесі жасалғанға дейін ойналуға тиісті және сол ойын нәтижесі келесі ойын жеребесіне енгізіледі.
7. Реттелмелі швейцар жүйесімен жұмыс жасау тәртібі:
а) реттелмелі швейцар жүйесінде ойыншыларға рейтингтеріне сәйкес кему бағытында реттік нөмірлер беріледі. Рейтингтері бірдей спортшыларға реттік нөмірлері спорттық атақтары бойынша, одан кейін қазақ тілінің алфавиті бойынша беріледі. Әр ойында ойыншылардың жұптарын анықтау үшін компьютерді пайдаланған жөн (жеребе бағдарламалары);
б) компьютер жоқ жарыстарда алғашқы ойынның жұптарын анықтау үшін жеке карточка бойынша (Қосымша 4) жеребе өткізіледі. Онда жарысқа қатысушыларды тең екі бөлікке бөледі. Жоғары нөмірлі ойыншылар бірінші топты, ортадан төменге дейінгі нөмірлі ойыншылар екінші топты құрайды. Алғашқы ойында бірінші топтың 1 нөмірлі ойыншысы екінші топтың 1 нөмірлі ойыншысымен, 2-сі 2-ші нөмірлі ойыншысымен т.с.с. кездеседі.
Алғашқы ойында ойынды кім бастайтыны бірінші және екінші топтың ойыншыларына кезекпен беріледі, яғни бірінші топтағы 1-ші ойыншы бастаушы, 2-ші ойыншы қостаушы, 3-ші ойыншы бастаушы, 4-ші ойыншы қостаушы т.с.с.
в) келесі ойынның жұптарын анықтау үшін бірдей ұпай жинаған ойыншыларды топтастырып, жұптар в) бабының ережесі бойынша құрылады.
Жеребе жасау кезінде төмендегідей шарттар орындалуы қажет:
- ойыншылардың саны тақ болғанда, (+) ұпайды рейтингі ең төмен ойыншы алады;
- бір ойыншы екі рет бос бола алмайды;
- ойыншылар бір-бірімен екі рет кездеспейді, ал жекелей-командалық жарыстарда бір команданың ойыншылары бір-бірімен кездеспейді;
- егер бірдей ұпай жинаған топтың ойыншысына қарсылас табылмаса, онда ойыншыны «төмен» түсіруге (↓) немесе «жоғары» көтеруге (↑) болады. Жарыс көшбасшылары мен жарыс соңындағы ойыншылардан басқа ойыншыларды қатарынан екі реттен артық «төмен» түсіруге (↓) немесе «жоғары» көтеруге (↑) болмайды;
- ойыншы қатарынан екі рет бір түспен ойнай алады;
- екі ойыншының түстері бірдей болған жағдайда реттік нөмірі кіші ойыншы түсін өзгертеді.
8. Айналма жүйемен жұмыс жасау тәртібі:
а) айналма жүйесі кезінде командалардың немесе жеке ойыншылардың реттік нөмірі соқыр жеребе арқылы анықталады;
б) ойынның саны мен жұптар арнайы ойын кестесі бойынша анықталады.
2.6 Ойын нәтижелерін есептеу
1. Ойын қарсыластың біреуі өз қазанына 81-ден аса құмалақ жинағанға дейін ойналады.
2. Ұтысқа ие болған ойыншыға – 1 ұпай, ұтылған ойыншыға - 0 ұпай беріледі. Егер ойын тең аяқталса екі ойыншы да 0,5 ұпайдан алады.
3. Ойын аяқталған болып есептелінеді, егер:
- ойыншы ұтылғанын мойындаса;
- ойыншы берілген мерзім ішінде тиісті жүрістерді жасап үлгермесе және қазанындағы құмалақтардың саны 81-ден кем болса;
- ойыншы ойынды жалғастырудан себепсіз бас тартса;
- ойыншылардың бірі немесе екі ойыншы кезекті ойын басталғаннан кейін 30 минуттан аса кешігіп келсе;
- екі ойыншының бірі өз қазанына 81-ден аса құмалақ жинап үлгерсе.
4. Егер қарсыластардың бірі ойынға келмесе немесе 30 минуттан аса кешігіп келсе, ойын хаттамасына ойында болған ойыншының тұсына (+), ал келмеген ойыншының тұсына (-) белгісі қойылады. (+) белгісі 1 ұпайға тең.
Бұл белгілердің ерекшелігі спортшыларға кезекті спорттық дәрежелер бергенде ескерілмейді.
5. Егер екі ойыншы ойын аяқталғанда қазанына 81-ден құмалақ жинаса, ойын тең аяқталды деп есептелінеді.
6. Ойын барысында екі ойыншының өзара келісімі бойынша ойын тең аяқталуы мүмкін.
7. Уақыты таусылған, бірақ қазанына 82 және одан да көп құмалақ жинаған ойыншы жеңіске жетеді.
8. Ойыншы тең ойынды тақтада жүріс жасағаннан кейін, сағатын баспай тұрып ұсынады. Ұсынылған тең ойынды әр ойыншы жазу бланкаларында арнайы (=) белгісімен белгілейді.
9. Ойын барысында ойыншы тең ойынды қарсыласына бір рет қана ұсына алады.
10. Ойыншы жарыстан шығып кетсе немесе шығарылса:
10.1. Айналма жүйемен өткен жарыстарда:
а) егер ойыншы жалпы ойын санының жартысынан кемін өткізсе, онда оның көрсеткіштері жарыстың нәтижелері кестесінен алынады;
б) егер ойыншы жарыстың жартысынан артық ойын өткізсе, онда оның көрсеткіштері жарыстың нәтижелері кестесінде сақталынады. Тек онымен кездесуге тиісті ойыншыларға (+) белгісі қойылып отырады.
10.2. Реттелмелі швейцар жүйемен өткен жарыстарда:
а) ойыншының ұпайлары жарыстың нәтижелері кестесінде сақталынып, тек нақты ойналған ойындарының ұпайлары ғана есепке алынады.
2.7 Ойын сағаты туралы
1. Ойын сағаты дегеніміз шектеулі мерзім ішінде жасалған тиесілі жүрістерді бақылауға арналған қос циферблатты сағаттар.
2. Жарыс барысында ойыншыларға төрешілердің рұқсатымен сапалы ойын сағаттарын таңдау артықшылығы беріледі.
3. Әр жарыстың ережесінде сол жарыста қолданылатын шектеулі мерзім өлшемдері белгіленеді.
4. Жарыс барысында әр ойыншыға тиесілі төмендегідей шектеулі уақыт мөлшерлері қолданылады:
а) 2 сағаттан беріледі;
б) 30 жүріске 1 сағат 30 минут және ойынды аяқтауға қосымша 30 минуттан беріледі;
в) 20 жүріске 1 сағат және ойынды аяқтауға қосымша 30 минуттан беріледі;
г) 1 сағат 30 минуттан беріледі;
д) 1 сағаттан беріледі;
е) өзге де мөлшерлер.
5. Төреші сағатты қостаушы ойыншының оң жағына қояды. Кезекті ойын басталғаны туралы хабарланғанда бастаушы ойыншылардың сағаттары іске қосылады.
6. Ойыншы кезекті ойын басталғаннан кейін қанша уақыт кешіксе, сол уақыт ойлануға берілген уақыт есебінен есептелінеді. Кезекті ойын басталғаннан кейін 30 минуттан аса кешігіп келген ойыншыға жеңіліс жарияланады.
7. Ойыншы тақта үстінде кезекті жүрісін жасағаннан кейін өзінің сағатын тоқтатып, қарсыласының сағатын іске қосуы тиіс. Сағатты саусақтың ұшымен ғана іске қосады, оны ұрып іске қосуға тиым салынады.
8. Ойыншы сағатты жүріс жасаған қолымен іске қосады.
9. Ойыншы өзінің кезекті жүрісін жасамай, қарсыласының сағатын іске қоса алмайды.
10. Ойын барысында ақауы бар сағаттар алмастыруға жатады.
11. Егер ойын сағатсыз басталып, төреші сағатты кейінірек қоятын болса, онда бақылау сағатында қалған уақытты тең екі бөлікке бөліп қояды. Сағат ойын аяғына қарай қойылса, онда төреші екі ойыншыға да 15 минуттан кем уақыт қоймайды.
12. Сағат жалаушасын құлатып, қазанына 81-ден кем құмалақ жинаған ойыншы ұтылды деп есептелінеді.
13. Бақылау сағатындағы жалауша құлағаннан кейін төреші сағатты тоқтата тұрып, ойыншылардың тиесілі жүрістерді жасағандарын тексереді.
14. Ойын соңында екі ойыншының да жалаушалары бір уақытта құлап, кімнің жалаушасы бірінші құлағанын анықтау мүмкін болмаса, онда төреші екі ойыншыға қосымша 5 минуттан уақыт бере алады.
15. Ойыншы төрешіге өтініш білдіру үшін сағатты тоқтатуы мүмкін. Төреші ойыншының өтінішін негізсіз деп тапса, онда сағатты тоқтатқан ойыншыға жаза түрі қолданылады.
16. Ойыншы тиісті жүрістерді белгіленген уақыт мөлшеріне жеткізбей жасаса, онда қалған уақыт мөлшері ойыншының келесі жүрістер жасау үшін қажет уақыт қорына қосылады.
17. Ойыншыға ойын уақытының аяқталуына 5 минут қалғанда жазу бланкасын толтырмауға рұқсат беріледі қатардағы төреші жасаған жүрістерін қадағалайды. Ойыншы өзінің кезекті жүрісін қарсыласы сағат тілін басқаннан кейін ғана жасайды.
18. Егер ойын барысында сағат төрешінің қателігінен тоқтатылса, онда ойын ары қарай жалғастырылады.
19. Жарыс төрешілері жарыс барысында туындаған кез-келген даулы мәселелерді мүмкіндігінше бейбіт жолмен шешуге ұмтылғандары абзал.
2.8 Ойынды кейінге қалдыру
1. Жарыстың Бас төрешілер алқасы белгілі себептерге байланысты (маңызды іс-шараларға қатысу, дәрігердің қабылдауында болу, т.б.) ойынды кейінге қалдыруға шешім қабылдай алады.
2. Егер белгілі бір себептермен аяқталмай қалған ойынды жарыстың Бас төрешілер алқасы кейінге қалдыру жөнінде шешім қабылдаса, онда жүріс жасайтын ойыншы өзінің жүрісін құпиялы түрде бланкіге жазады.
3. Төреші екі ойыншының қатысуымен олардың жазу бланкаларын конвертке салып, желімдейді. Жазу бланкаларында ойыншылардың, сонымен бірге құпия жүріс жасаған ойыншының аты-жөні, құпия жүріске дейінгі тақтадағы жағдай, жүрістің реттік саны, пайдаланылған уақыт мөлшерлері жазылады. Конверттің бүтіндігі мен сақталуына қатардағы төреші төреші жауапты. Төреші конвертті ашпас бұрын оның бүтіндігін екі ойыншыға көрсетуі тиіс.
4. Ойынды жалғастыру кезінде тақтадағы соңғы жағдай қалпына келтіріліп, сағатта екі ойыншының пайдаланған уақыттары қойылады. Конвертті ашқан төреші құпия жүрісті ауызша оқып, жүріс жасайтын ойыншының сағатын іске қосады. Жүріс жасаушы ойыншы жазылған құпия жүрісті жүруге міндетті.
2.9 Блиц және рапид
1. Төрешілер блиц және рапид ойындарына қатысушылардың санына байланысты жарысты өткізу жүйесін белгілейді. Қатысушыларды рейтинг көрсеткіштері бойынша арнайы кестеге тіркейді.
2. Ойын барысында жазу бланкалары толтырылмайды. Бақылау сағаты қостаушы ойыншының оң жағына қойылады.
3. Блиц ойынында әр ойыншыға 7 минуттан, ал рапидте әр ойыншыға 20 минуттан уақыт беріледі. Қосымша уақыт беру төрешінің құзырында.
4. Әр жұпқа бір төреші тағайындалады. Төреші екі ойыншының ойынға дайын екенін растағаннан кейін сағатты іске қосады.
5. Ойыншылар ойын басында құмалақтардың тақтада дұрыс орналасуын тексереді, себебі ойын басталғаннан кейін наразылықтар қабылданбайды.
6. Ойын барысында ойыншы қолы тиген отаудан жүруге міндетті емес. Ойыншы құмалақтарды реттеп қоюды өз уақыты есебінен жүзеге асырады.
7. Ойын барысында құмалақтарды шашып алған ойыншы оларды өз уақыты есебінен қалпына келтіреді.
8. Ойыншының кезекті жүріс жасау кезінде сағатының жалаушасы құласа, ол жүрісті аяғына дейін жасайды.
9. Сағат тілінің құлағаны жөнінде төреші немесе екі ойыншының бірі ғана айта алады.
10. Электронды сағаттарда уақыт көрсеткіші 00:0000 (сағат-минут-секунд) болғанда, төреші уақыттың аяқталғаны жөнінде хабар береді.
2.10 Наразылық туралы
1. Команда өкілі немесе жаттықтырушы кезекті ойын аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде жарыстың Бас төрешісінің атына және жүгіну алқасына наразылық хатын түсіре алады.
2. Нәтижелері көрсетіліп, қолдары қойылған ойындарға байланысты наразылықтар қабылданады, бірақ қаралмайды. Себебі, ойыншылардың жазу бланкаларына қойған қолдары сол ойынның қорытындысын мойындағанын білдіреді.
3. Келесі ойынның жеребесі жасалғаннан кейін түскен наразылықтар қабылданбайды және қарауға жатпайды.
4. Наразылық беруші тарап 1000 теңге көлемінде жарна төлеуге міндетті. Жарнасыз наразылықтар қарауға жатпайды.
5. Наразылық қанағаттандырылған жағдайда жарна қайтарылады, ал кері жағдайда төрешілердің еңбек ақысына беріледі.
6. Наразылық хаты түскеннен кейін Бас төрешілер алқасы мен жүгіну алқасы жиналыс өткізіп, наразылық бойынша шешім қабылдауға міндетті.
7. Бас төрешілер алқасы команда өкілін немесе жаттықтырушысын наразылық бойынша қабылдаған шешіммен таныстыруға міндетті.
8. Бас төрешілер алқасының наразылық бойынша қабылдаған шешімі қайта қарауға жатпайды.
9. Наразылық хаты түспей, ойын аяқталғаннан кейін ойын бланкасына 30 минут ішінде қол қоймаған ойыншыға ескерту беріледі.
2.11 Жеңімпаздарды анықтау
Жарыс жеңімпаздарын анықтау үшін жарысты өткізу жүйесіне байланысты келесі көрсеткіштер кему бағыты бойынша қолданылады.
1. Айналма жүйесі
а) Жеке сынақта:
1. ұпайлар саны;
2. жеке кездесу;
3. Бергер коэффициенті;
4. жеңіс саны;
5. қостаушы болып жеткен жеңіс саны;
6. қосымша «Шапшан ойын»;
7. жеребе.
б) Командалық сынақта:
1. ұпайлар саны;
2. жеке кездесу;
3. ерлердің 1-тақтасы;
4. әйелдердің 1-тақтасы;
5. ерлердің 2-тақтасы т с.с.
2. Реттелмелі швейцар жүйесі
а) Жеке сынақта:
1. ұпайлар саны;
2. жеке кездесу;(егер ұпайы тең ойыншылардың арасында өзара кездеспегендері болған жағдайда жеке кездесу қаралмайды)
3. Прогресс коэффициенті;
4. Бухгольц коэффициенті;
5. жеңіс саны;
6. қостаушы болып жеткен жеңіс саны.
б) Командалық сынақта (бетпе-бет кездескенде):
1. ұпайлар саны;
2. жеке кездесу;
3. ерлердің 1-тақтасы;
4. әйелдердің 1-тақтасы;
5. ерлердің 2-тақтасы т с.с.
в) Командалық сынақта (жеребе әр тақта бойынша бөлек өткізілгенде):
1. ұпайлар саны;
2. жеке кездесу;
3. ерлердің 1-тақтасы;
4. әйелдердің 1-тақтасы;
5. ерлердің 2-тақтасы;
6. әйелдердің 2-тақтасы;
7. командалық прогресс.
3. Олимпиадалық жүйе
1. «Иректі із» бойынша өткізіледі;
2. ұтылған ойыншы жарыс жолынан шығып қалады;
3. тең ойнаған жағдайда ұтысқа қостаушы ойы ншы ие болады.
Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер бойынша ойыншылардың жағдайлары тең болса, жарыс жеңімпазы Бас төрешілер алқасының шешімімен анықталады.
Бухгольц, Бергер және Прогресс коэффициенттерін есептеу
1. Бухгольц коэффициенті – швейцар жүйесімен өткізілген жарыстарда бірдей ұпай жинаған ойыншылардың орнын анықтау әдісі.
Есептеу тәсілі
а) Бухгольц коэффициентін ойыншымен кездескен барлық қарсыластарының жинаған ұпайларларының қосындысы құрайды. Мәні, ең күшті қарсыластармен (қортындысында ең көп ұпай жинаған) кездескен ойыншыға жарыстың нәтижесінде жоғарырақ орын беріледі.
б) екі не одан жоғары бірдей ұпай жинаған ойыншылардың Бухгольц коэффициенті бірдей болса, онда әр ойыншының коэффициенттерінен ең аз ұпай жинаған қарсыласының ұпайы шегеріледі. Егер осы айырмадан кейін де Бухгольц коэффициенті (ең аз ұпай жинаған қарсыласын есептемегенде) бірдей болса, онда жоғарыда аталған шегеру тәсілі қолданыла береді. Кейде мұндай тәсілді кескі Бухгольц коэффициенті деп атайды.
2. Бергер коэффициенті – айналма жүйемен өткізілген жарыстарда бірдей ұпай жинаған ойыншылардың орнын анықтау әдісі.
Есептеу тәсілі
Бергер коэффициентін ойыншыға ұтқан қарсыластарының жинаған ұпайларының қосындысы мен онымен тең түскен қарсыластарының жинаған ұпайлары жиынтығының жартысы құрайды. Бергер коэффициенті ең күшті қарсыластарды (ең көп ұпай жинаған) ұтқан немесе олармен тең түскен ойыншыларда жоғары болады.
3. Прогресс коэффициенті - швейцар жүйесімен өткізілген жарыстарда бірдей ұпай жинаған ойыншылардың орнын анықтау әдісі.
Прогресс коэффициентін есептегенде ойыншылардың орны ең жоғары көрсеткіш бойынша анықталады.
Есептеу тәсілі
Прогресс коэффициентін ойыншының әр ойында көрсеткен нәтижелері көрсеткіштерінің қосындысы құрайды. Бұл коэффициент жарыстың алғашқы ойындарында ұтылған ойыншыларда төмен болады.
Аймақтық рейтинг бір жылда өткен ресми жарыстардың қорытындысы бойынша құрылып, командалық жарыстарда рейтинг бойынша жеребе өткізу үшін пайдаланылады. Аймақ ойыншысының немесе командасының әр бір алған орны үшін төмендегідей шарттар бойынша ұпайлар беріледі:
1.Қазақстан Республикасының жасөспірімдер чемпионаты
· 1 жекелей орын – 3 ұпай
· 2 жекелей орын – 2 ұпай
· 3 жекелей орын – 1 ұпай
Барлығы 6 х (3 + 2 + 1) = 36 ұпай
2.Қазақстан Республикасының Кубогы
· 1 командалық орын – 12 ұпай
· 2 командалық орын – 10 ұпай
· 3 командалық орын – 8 ұпай
· 4 командалық орын – 6 ұпай
· 5 командалық орын – 5 ұпай
· 6 командалық орын – 4 ұпай
· 7 командалық орын – 3 ұпай
· 8 командалық орын – 2 ұпай
Барлығы 12 + 10 + 8 + 6 + 5 + 4 + 3 + 2 = 50 ұпай
3.Қазақстан Республикасының Ардагерлер чемпионаты
· 1 жекелей орын – 3 ұпай
· 2 жекелей орын – 2 ұпай
· 3 жекелей орын – 1 ұпай
Барлығы 2 х (6 + 4 + 2) = 24 ұпай
4.Қазақстан Республикасының командалық чемпионаты
· 1 командалық орын – 12 ұпай
· 2 командалық орын – 10 ұпай
· 3 командалық орын – 8 ұпай
· 4 командалық орын – 6 ұпай
· 5 командалық орын – 5 ұпай
· 6 командалық орын – 4 ұпай
· 7 командалық орын – 3 ұпай
· 8 командалық орын – 2 ұпай
Барлығы 12 + 10 + 8 + 6 + 5 + 4 + 3 + 2 = 50 ұпай
5.Қазақстан Республикасының жекелей чемпионаты
· 1 жекелей орын – 6 ұпай
· 2 жекелей орын – 4 ұпай
· 3 жекелей орын – 2 ұпай
Барлығы 2 х (6 + 4 + 2) = 24 ұпай
6.Қазақстан Республикасының жастар чемпионаты
· 1 жекелей орын – 3 ұпай
· 2 жекелей орын – 2 ұпай
· 3 жекелей орын – 1 ұпай
Барлығы 6 х (3 + 2 + 1) = 36 ұпай
Жарысқа аймақтың кемінде бір ойыншысы қатысқаны үшін команда есебіне қосымша 1 (бір) ұпай беріледі. Жыл қорытындысы бойынша аймақтардың жинаған ұпайларына сәйкес аймақтық рейтинг кестесі құрылады. Ұпайлары тең командалар қазақ тілінің алфавиті бойынша тізіліп жазылады. Кесте жылдың соңында жыл қорытындысының көрсеткіштерімен алмастырылады.
Жарыс құжаттары
1. Жазу бланкасы
|
|
|
___________________________ 20 ___ жыл
_____________________________________________
Тур № ____ Тақта № ____ _________________ қаласы «____» ____________ 20 ___ ж.
Бастаушы _______________________________________________________________________
Қостаушы _______________________________________________________________________
№ |
Ақ |
Қара |
|
№ |
Ақ |
Қара |
1 |
|
|
1 |
|
|
|
2 |
|
|
2 |
|
|
|
3 |
|
|
3 |
|
|
|
4 |
|
|
4 |
|
|
|
5 |
|
|
5 |
|
|
|
6 |
|
|
6 |
|
|
|
7 |
|
|
7 |
|
|
|
8 |
|
|
8 |
|
|
|
9 |
|
|
9 |
|
|
|
10 |
|
|
10 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
______________ |
______________ |
Жазған: ________________________ |
|
Нәтижесі: _____________________________ |
Қабылдаған төреші: ____________________ |
Қолдары: _______________ ______________ |
Бас төреші: ____________________________ |
2. Тапсырыс үлгісі
№ |
Аты-жөні |
Туған жылы, айы, күні |
Спорттық дәрежесі |
Рейтингі |
Оқу немесе жұмыс орны |
Жаттықтырушы |
Дәрігердің қолы |
3. Командалық жарыстың тапсырыс үлгісі
№ |
Аты-жөні |
Туған жылы, айы, күні |
Жынысы |
Спорттық дәрежесі |
Рейтингі |
Тақтасы |
Оқу немесе жұмыс орны |
Жаттық-тырушы |
Дәрігердің қолы |
4. Жеке карточканың үлгісі
________________________________________________________________
(Жарыстың атауы)
_____________________________________ қатысушының карточкасы
№ _____ ________________________________________________
(аты-жөні)
_________________________________________________________
(дәрежесі)
_________________________________________________________
(облысы, қаласы)
№ |
Қарсыласының аты-жөні |
№ |
Дәрежесі |
Түсі |
Нәтиже |
↓↑ (төмен түсуі немесе көтерілуі) |
Өсу қорытындысы |
Коэффициент |
1 |
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
|
|
|
4 |
|
|
|
|
|
|
|
|
5 |
|
|
|
|
|
|
|
|
6 |
|
|
|
|
|
|
|
|
7 |
|
|
|
|
|
|
|
|
8 |
|
|
|
|
|
|
|
|
9 |
|
|
|
|
|
|
|
|
Коэффициент К= ______________ Мөлшер _____________________
Жарыстың бас хатшысы __________________ _________________________ қолы (аты-жөні, дәрежесі)
|
Жарыстың бас төрешісі __________________ _________________________ қолы (аты-жөні, дәрежесі) |
5. Нәтижелер кестесі
|
(Жарыстың атауы)
__________________________________________________ ______________________________________________ |
(Өтетін мерзімі) (Өтетін жері)
|
Жарыстың бас хатшысы __________________ _________________________ қолы (аты-жөні, дәрежесі)
|
Жарыстың бас төрешісі __________________ _________________________ қолы (аты-жөні, дәрежесі)
|
6. Хаттама
|
(Жарыстың атауы)
__________________________________________________ ______________________________________________ |
(Өтетін мерзімі) (Өтетін жері)
___________________________________ |
(Тур)
Аты-жөні |
Ұ |
Нәтижесі |
Үстол |
Нәтижесі |
Аты-жөні |
Ұ |
|
|
|
1 |
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
|
4 |
|
|
|
|
|
|
5 |
|
|
|
|
|
|
6 |
|
|
|
|
|
|
7 |
|
|
|
|
|
|
8 |
|
|
|
|
|
|
9 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жарыстың бас төрешісі __________________ _________________________
қолы (аты-жөні, дәрежесі)
Тоғызқұмалақ қағидасы мен ережесі
Зияткерлік Тоғызқұмалақ Қауымдастығы
Президиумының тапсыруы бойынша дайындалды
Ережені әзірлеуге белсене қатысқандар:
Н. Жүнісбаев (Алматы), Б. Әзімжанов (Алматы), Е. Иманбаев (Қызылорда), Ж. Тұрғамбаев (ОҚО), О. Жүніс (ОҚО), А. Жақапбаева (Алматы), М. Ноғайбаев (Жамбыл), Х. Нұршин (Ақтөбе), Б. Төлегенов (Ақтөбе), Ш. Кашкенов (Павлодар), Д. Капаев (Астана).
Жауапты хатшылар:
А. Шегебаева (Қостанай), С. Ақтаев (Астана)
Ережеде тоғызқұмалақ ойынының негізгі қағидалары, жарыстарды ұйымдастыру, онда төрелік жасаудың аса маңызды мәселелері қамтылған. Осы Ережені әзірлеу кезінде С. Аманжолов, Т. Сұлтанбеков, Ә. Ақшораев, Н. Жүнісбаев, Б. Әзімжанов, М.Таникеев сияқты авторлардың басылымдарынан материалдар пайдаланылған.
Ереже Зияткерлік Тоғызқұмалақ Қауымдастығының Съезінде талқыланды және оны Қазақстан Республикасының Спорт және дене шынықтыру агенттігі мен Зияткерлік Тоғызқұмалақ Қауымдастығы бекітті.
Ереже жарысты ұйымдастырушыларға, төрешілерге, жаттықтырушылар мен спортшыларға арналған.