• Register

"Ақ жол" газетінің турнирі, 2012

 

 

 

2012 жылдың 20-25 маусым аралығында Тараз қаласында облыстық «Ақ жол» газетінің жүлдесіне арналған турнир өз мәресіне жетті. Дәстүрлі жарысқа еліміздің 10 облысы, Астана, Алматы қалалары және де қөршілес қырғыз елінің ойыншылары қатысты. Ерлер арасында 36, қыздар 42, ал жасөспірімдер(14 жас) тобында 125 ойыншы бақ сынады.

Алғашқы турлардан бастап-ақ, қонақтарымыз Аида Керімбекова мен Мирлан Құдайбергенов 4 турдан 4 ұпай жинап, тізгінді қолдарына алды. Мирланды тоқтатудың ауыр жүгі атыраулық Құрманбай Әшетовке түсті. «25» ойынында шеберлікпен  қорғанған ардагеріміз жерлестеріміздің ыстық ықыласына бөленді. Ал, қыздарымыз қонақжайлық танытып, бас бәйгені Аидаға ұстатты.

Кіші топта нағыз бәсекелі тартыс болды. Озып шығады-ау дейтіндей 15 ұл-қызымыз 11 тур бойы алма кезек лидерлікке шығып тұрды. Соңында шымкенттік Саят Жандарбек басып озды.

Жарыс нәтижесі төмендегідей:

ерлер арасында:

1 – орын: Құрманбай Әшетов – 6 ұпай (Атырау)

2 – орын: Мирлан Құдайбергенов – 6 ұпай (Бішкек)

3 – орын: Ернұр Алиакбар – 6 ұпай (Алматы обл.)

4 – орын: Біржан Елеусінов – 5 ұпай (Қызылорда)

5 – орын: Ербол Нұрханов – 5 (Алматы обл.)

қыздар арасында:

1 – орын: Аида Керімбекова – 6,5 ұпай (Бішкек)

2 – орын: Фарида Әуесбаева – 6 ұпай (Қызылорда)

3 – орын: Айкерім Қуанышбекова  – 5,5 ұпай (Оңт.Қаз.Обл.)

4 – орын: Самал Маусымбаева – 5 ұпай (Қостанай)

5 – орын: Татьяна Егорова – 5 ұпай (Қостанай)

жасөспірімдер арасында:

1 – орын: Саят Жандарбек – 9,5 ұпай (Оңт.Қаз.Обл.)

2 – орын: Дархан Серікбаев – 9 ұпай (Қостанай)

3 – орын: Сымбат Жігітекова – 9 ұпай (Алматы қ-сы)

4 – орын: Балерке Кеңесбай – 8,5 ұпай (Алматы обл.)

5 – орын: Манас Нұрлыбай – 8 ұпай (Ақтөбе)

Жарыстың жабылу салтанатында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге «Ақ жол» газетінің атынан медаль, диплом және бағалы сыйлықтар тапсырылды. Газеттің бас редакторы Ғ.Қасабай жарыстың бас төрешісі Ноғайбаев Мейрамқұлға атқарған еңбегі үшін шапан жапты.

«Ақ жол» газетінің ұжымындай тоғызқұмалақ жанашырлары көбейе берсін, АҒАЙЫН!

Соңында қосарымыз, жаңа рейтингке көз салуды ұмытпаңыздар!

Әлем және Азия чемпионаттары

ҚР жекелей чемпионаттары

ҚР командалық чемпионаттары