ҚР Командалық Чемпионаты 2013

2013 жылдың 20-26 сәуір аралығында Алматы қаласында Қазақстан Республикасының командалық чемпионаты өтті.

Жарысқа 11 облыс және Астана,Алматы қалаларының командалары қатысты. Әдеттегідей, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Атырау облыстарының командалары қаржы тапшылығына байланысты келмеді.

Тұңғыш рет ерлер және қыздар жеке команда ретінде ойнады, құрам – 4 адам. Жарыс,  ерлер арасында 13 команда болғандықтан, іріктеу және финалдық кезеңдерден құралды.  Ал, қыздар, 12 команда жиналғандықтан, 11 тур айналма жүйемен ойнады.

ерлер:

1 – орын: Оңтүстік Қазақстан облысы

2 – орын: Павлодар облысы

3 – орын: Қызылорда облысы

қыздар:

1 – орын: Павлодар облысы

2 – орын: Қостанай облысы

3 – орын: Қызылорда облысы