• Register

І Еуропа чемпионаты

2011 жылдың 18-23 шілде  күндері аралығында Чехияның Пардубице қаласында ХХІІ зияткерлік ойындар фестивалінің бағдарламасы аясында Еуропаның тоғызқұмалақтан әуесқой спортшылары арасында құрлық бәсекесі өтті. Оның финалдық жарысында 5 елден 6 спортшы қатысып, айналма жүйесімен 5 ойында өткізілді. Бұл бәсекеде Германия өкілі – Юрий Нольд барлық қарсыластарын айқын басымдықпен ұтып, Еуропа жеңімпазы атанды. Екінші және үшінші орын чех спортшылары Жденек Цах пен Хана Котиноваға бұйырды.   

Жарыстың демеушілері жеңімпаздар мен жүлдегерлеріне арнайы диплом, медаль және бағалы сыйлықтар тапсырды.  Жарыс туралы мәліметтерді www.czechopen.net – сайтынан көруге болады.

22 шілде күні Пардубицеде тоғызқұмалақты дамыту мен үйрету жайлы семинар өткізіліп, онда 2012 жылы осы қалада өтетін әлем чемпионаты жайлы мәселелер талқыланды. Ұйымдастыру алқасы бұл чемпионаттың да жоғары деңгейде өтетіне сенім білдірді. Сонымен 2012 жылы тоғызқұмалақтан ІІ Әлем чемпионаты Чехияның Пардубице қаласында 14-20 шілде аралығында өткізілетін болды.

Әлем және Азия чемпионаттары

ҚР жекелей чемпионаттары

ҚР командалық чемпионаттары