Оқушылардың VІІ жазғы спартакиадасы, 2014

2014 жылдың 15-19 маусым аралығында Талдықорған қаласында ҚР тоғызқұмалақтан VІІ жазғы оқушылар спартакиадасы өтті. Жарыс 6 тақта бойынша швейцар жүйесімен 7 турда өткізілді. 8 облыс және Алматы қаласының қатысуымен өткен додада оңтүстік астанамыздың ойыншылары 3 алтын, 1 күміс медаль иеленіп, командалық есепте топ жарды. Бұл жетістік - Алматы қаласы бас жаттықтырушысы Қыдырбаев Әлімжан мырзаның еңбегінің жемісі.

Жарыстың бас төрешісі - жоғары дәрежелі ұлттық төреші Жақапбаева Айнұр.

Бас хатшысы - жоғары дәрежелі ұлттық төреші Қапаев Арыстан.

Жарыс нәтижесі: 

 командалық:

 1 – орын: Алматы қаласы

 2 – орын: Павлодар облысы

 3 – орын: Ақтөбе облысы

жекелей, тақта бойынша:

1 – тақта :

1 – орын: Айтбаев Рахат – 5,5 ұпай (Алматы қаласы) 

2 – орын: Есетов Арсен – 5 ұпай (Ақтөбе)

3 – орын: Сериков Алмаз – 4,5 ұпай (Павлодар)

 

 2 – тақта:

1 – орын: Нұрлыбаев Манас – 6 ұпай (Ақтөбе)

2 – орын: Файзулла Ақан – 5 ұпай (Павлодар)

3 – орын: Ораз Жайдарбек – 4,5 ұпай (Қызылорда)

 3– тақта:

1 – орын: Сүлеймен Самад – 6 ұпай(Алматы қ-сы)

2 – орын: Едігенов Мұса – 5 ұпай (Қостанай)

3 – орын: Қайдаров Азамат – 5 ұпай (Ақтөбе)


 4 – тақта:

1 – орын: Каримова Лина – 5 ұпай (Қарағанды)

2 – орын: Жігітекова Сымбат – 5 ұпай (Алматы қ-сы)

3 – орын: Сақташева Үміт – 5 ұпай (Қызылорда)

5 – тақта:

1 – орын: Оралбай Жанна – 5,5 ұпай (Оңтүстік Қазақстан облысы)

2 – орын: Нұрмұхамбет Мақпал – 5,5 ұпай (Павлодар)

3 – орын: Такенова Назира – 5 ұпай (Маңғыстау)


6 – тақта:

1 – орын: Рахматуллаева Аружан – 6 ұпай (Алматы қ-сы)

2 – орын: Абдыханова Аружан – 5 ұпай (Павлодар)

3 – орын: Смайлова Ж. – 5 ұпай (Қостанай)

Спартакиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!